Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

ХАМАМ ТҮРІК МОНШАСЫ

Біздің шипажайдағы хамам түрік моншасы – демалу үшін ғана емес, сондай-ақ кез келген жаста денсаулықты сақтау үшін тамаша орын. Хамам – бұл буы көп монша, ауа температурасы 35-тен 50 градусқа дейін өзгереді. Түрік моншасының бір ерекшелігі ондағы ауаның жоғары ылғалдылығында. Әдетте бумен ауа 100%-ға дейін ылғалданады. Осының арқасында моншада жұмсақ микроклимат пайда болады. Хамамдағы ағаш төсектердің орнына мәрмәр плиталар қолданылады. Олар бумен қызып, ағзаны жұмсақ, бірақ терең жылытады. Осыған байланысты Хамам әйелдер үшін өте пайдалы.
Хамам салмақты тұрақтандыруға көмектеседі (адам хамамға бір барғанда бір жарым килограмға дейін салмақ жоғалтады). Тірек-қимыл аппараты үшін үлкен пайдасы бар. Тұз жиналу, артрит, ревматизм, бұлшықет созылуы және басқа аурулар кезінде хамамға 2-3 рет барғаннан кейін ұзақ уақыт бойы сізді мазаламайды. Хамам суық тию ауруларын емдеуге көмектеседі. Ұзақ уақыт бойы қыздырыну ағзаның иммунитетін арттырады, бұл жұқпалы ауруларға қарсы тұруға мүмкіндік береді.
«Оқжетпес» ЕСК-дегі түрік моншасы хамам сізге қуаттың мол серпінін сезінуге, ағзаңыздың толық босаңсып, демалуына мүмкіндік береді. Сізге денсаулық сыйлап және жастығыңызды ұзартады.
Толық ақпаратты +7 (71636)78 – 101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.

Брондау Онлайн төлем Оператор