Бүгін, 6 шілде Қазақстанда мемлекеттік мереке – Елорда күні аталып өтуде.
Астананың туған күні – әрбір қазақстандық үшін бүкілхалықтық мереке. Елорда көпұлтты мемлекеттің достығы мен тұтастығы, жаңару мен Қазақстан халқының шоғырлану символы, рухани өсу мен жоғары жеңістерге қол жеткізудің көрінісі және Қазақстанның жарқын арманының жүзеге асуы болды.
Осы маңызды мерекемен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Елордамыз гүлдене берсін! Әр отбасының өмірі қуанышты сәттерге, шаттық пен болашаққа деген нық сенімге толы болсын!
Сіздерге зор денсаулық, мол табыс пен бақыт тілейміз!