Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ – ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ

Дұрыс тамақтану мықты денсаулық кепілі деп бекер айтылмаған, өйткені барлық зат алмасу үрдістері дұрыс және тез жүре бастағанда ғана қоректік заттардың көп бөлігі сіңіріледі, ағза тұрақты және қалыпты жұмыс істейді.
«Окжетпес» ЕСК» АҚ демалушылардың мәзіріне ерекше назар аударады. Біздің аспаздарымыз сіздің ағзаңызды барлық қажетті калория, қоректік заттар және биологиялық белсенді заттармен қамтамасыз етуге тырысады. Бізде 4 мезгіл тамақтану ұйымдастырылған. Медициналық көрсеткіштер бойынша жиі тамақтануға мұқтаж жеке топтар үшін дәрігерлердің тағайындауымен қосымша тамақтану белгіленеді немесе ерекше, жеке тамақтану кестесі тағайындалады. Сондай-ақ, сіздің ағзаңыздың ерекшелігін ескере отырып тиімді мәзір жасайтын біздің диетолог дәрігерімізден жеке кеңес алуыңызға болады.
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ-да емдік тамақтануды ұйымдастыру емдеу үрдісінің бір бөлігі ретінде жалпы медициналық қызмет көрсетудің негізгі шараларының бірі.
Өз денсаулығыңызға қамқор болыңыз, көңіл-күй – денсаулық кепілі, сондықтан әрдайым жақсы көңіл-күйде жүріңіз!

 

Брондау Онлайн төлем Оператор