Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Covid-19 және пневмониядан кейінгі оңалту. Ем алушылардың пікірі

Covid-19 және пневмониядан кейінгі оңалту

Ем алушылардың пікірі

«…Біз ауруханадан шыққаннан кейін ұзақ уақыт бойы анамызды үйден шығармадық, қатты қорықтық. Осылайша бір ай өтті, екі ай өтті. Ентігу және терлеу тоқтаған жоқ, күші де қалмады. Осы уақытта шипажайда ем алу туралы өзі айта бастады.

@okzhetpes.borovoe емдеу-сауықтыру кешенін таңдаған себебіміз, осы жылдың 1 тамызынан бастап шипажайда Covid-19 және пневмониядан кейін қалпына келтіру бағдарламасы іске қосылды.

Сонымен, 10-14 күнге есептелген бағдарламаға:

  • Төрт мезгіл тамақтану режимі. Әрбір қонақ келесі күнге алдын ала тапсырыс беру жүйесі бойынша 4 түрлі тағамнан бір күнге ас мәзірін таңдай алады;
  • Күнделікті қымыз ішу;
  • Минералды суды күнделікті қабылдау;
  • Гидротерапия;
  • Фитотерапия;
  • Климатотерапия;
  • Ингаляция;
  • Тұз шахтасы;
  • Терапевт, отоларинголог, диетолог, Ультрадыбыстық диагностика дәрігері, зертханашы, сонымен қатар қажет болған жағдайда басқа мамандармен кеңесу алу мүмкіндігі кіреді.

Ата-анам таңын күн сайынғы тыныс алу жаттығуларынан бастады – бұл денені толық қалпына келтіруге мүмкіндік береді, өйткені оңалту өкпенің жұмысын қалпына келтіруге бағытталған.

«Оқжетпес» шипажайының дәрігерлері мен қызметкерлеріне ата-аналарыма көрсеткен қамқорлығы үшін үлкен алғысымды айтқым келеді. Олардың арасында менің оқырмандарым бар екен, оларға шын жүректен сәлем жолдаймын! Сондай-ақ, “Оқжетпес” ЕСК басшысы Қайрат Беркінбаевқа жедел және уақытылы көмек көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді»

Әлішер Елікбаев.

Белгілі қазақстандық PR-маман және кәсіпкер.

Брондау Онлайн төлем Оператор