Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Burabay Swim 2018

Қазақстанның курорттық інжу-маржаны Бурабай көлі  қарағайлы және қайыңды жасыл алаппен қоршалған, суы мөлдір де таза. 29 шілдеде Бурабай көлінде «Burabay Swim 2018» жүзу жарысы өткізілді.

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі ретінде қатысты. Жобаның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және туризмді танымал ету.

Жүзу жарысы 1 км және 4.5 км – 2 қашықтық бойынша өткізілді. Ашық жүзу жарысына 18 жастан бастап барлық тілек білдірушілердің қатысуына мүмкіндік берілді. Жүзу жарысына қазақстандықтар ғана емес, Ресейден және Украинадан келген қонақтар да қатысты.

Іс-шараны қауіпсіз өткізу мақсатында әрбір қатысушыға жеке құтқару қалқымалары берілді, жүзу уақытында жақын жерге қайықтар қойылды және Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары кезекшілік етті.

Салаутты өмір салты  – ұзақ өмір сүрудің негізі. «Оқжетпес» ЕСК» АҚ-ның қызметі салауатты өмір салтын қадыптастыруға және насихаттауға, жұқпалы аурулардың алдын алуға, ауруды азайтуға және халықтың өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға бағытталған.

Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз!

Брондау Онлайн төлем Оператор