Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

 

 

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Оқжетпес «ЕСК» АҚ біріккен шипажайларына қош келдіңіз!

2017 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының емдеу-сауықтыру кешендері «Оқжетпес» брендімен бірыңғай желіге бірікті. Оның құрамына: Бурабай курорттық аймағындағы «Оқжетпес» шипажайы, Алматы қаласындағы «Алматы Резорт» және Ресей Федерациясының Ессентуки курорт- қаласындағы «Қазақстан» шипажайы кірді.

Бір бренд төңірегінде үш шипажайдың бірігу мақсаты: Қазақстан Республикасы мен шетел азаматтарының санаторлық-курорттық көмекке қажеттілігін қанағаттандыру үшін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары емдеу-сауықтыру ұйымдарының желісін құру болып табылады.

Әрбір шипажай ерекше табиғатымен мақтана алатын тамаша жерде орналасқан. Әрқайсысының көпжылдық тарихы және сауықтыру демалысында үлкен тәжірибесі бар. Емдеу-сауықтыру кешендерінің желісі жалпы көлемі бойынша 583 орынды қамтамасыз ететін үш шипажайдан тұрады.

 2017 жылдың қазан айында Астана қаласында үш шипажайдың өкілдігі ашылды.

Емдеу-сауықтыруға арналға бағдарламалар мен тұру, бағасы мен ережелері туралы барлық қажетті ақпаратты Сіз біздің сайтымыздан және әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан ала аласыз. Келіп түскен барлық сұрақтарға «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің жетекші мамандары жауап беруге дайын.

2024 жылы президенттің, вицепрезиденттердің және бас тәлімгердің қабылдау кестесі

Аты-жөні Лауазымы Қабылдау күні және

уақыты

1 Стерлигов Яков Васильевич Президент Сәрсенбі

15.00 ч.– 17.00 ч.

2 Нұржігітов Бекмұрат Кемелханұлы Қаржы жөніндегі вице-президент Бейсенбі

15.00 ч.– 17.00 ч.

3 Кұсайынова Лаура Мақсатқызы Емдеу-оңалту жұмысы

жөніндегі вице-президент

Сейсенбі

15.00 ч. – 17.00 ч.

 

Copyright © www.okzhetpes-burabay.kz

Разработка сайта: Happy Company

Брондау Онлайн төлем Оператор