Бүгін «Оқжетпес» шипажайында «Құлыншақ» қайырымдылық қорының қамқорлығындағы 160 бала мен ата-ана қонақта болды.
Ерекше балалар үшін шипажай қызметкерлері дастархан жайып, шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Онымен қоса, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай шағын сыйлықтар табысталды.