Біздің шипажай басшылығы қашан да кері байланысқа ашық және қонақтармен қатар, шипажай ұжымымен де жиі кездесулер өткізіп тұрады. Бүгін де сағат 16.00-де шипажай акт залында басшылықтың ұжыммен кездесуі өтті. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша ұйымды дамытудың негізгі бағыттары, проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары туралы президент Қайрат Беркінбаев ұжым алдында баяндама жасады.
Талқылау барысында қызметкерлер өндірістік сипаттағы мәселелерді көтеріп, жұмыс барысы мен әлеуметтік пакеттерге қатысты қызықтырған сұрақтарын да қойды. Кездесу қорытындысы бойынша, басшы жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауға алды.
Әңгімелесудің толық нұсқасын мына сілтеме арқылы өтіп, көре аласыз: https://www.instagram.com/tv/Cc7nZ4ujjDC/?igshid=YmMyMTA2M2Y=