Оқжетпес ЕСК фитнес залының жабдықтары
Фитнес – тек әдемілік пен сән үшін ғана емес, бірінші кезекте – денсаулық үшін! Сондықтан Оқжетпес ЕСК-де жылдың кез келген мезгілінде жайлы жаттығу үшін жабдықталған фитнес залы бар.
Спорт залында:
- Жүгіру жолдары;
- Power Plate жаттығу құрылғысы;
- Велотренажер;
- Жоғары блокты шынықтыру үшін жаттығу құрылғысы ;
- Квадрицепс-машина жаттығу құрылғысы;
- Спорттық құрал-жабдықтар (фитболдар, шеңберлер, степ платформалар, гантелдер, штангілер және т.б.).
Жүгіру жолдары
Жаяу жүрісті көбіне жаттығудың патшайымы деп атайды. Өйткені, біріншіден бұл дене шынықтырудың мейлінше қауіпсіз түрі және оған қарсы көрсеткіштер жоқ. Екіншіден, жаяу жүріспен кез келген жаста айналысуға болады. Және үшіншіден оған Сіздің қалауыңыздан басқа ештеңенің қажеті жоқ. Қаланың ішінде, сатымен және пәтерде де жүруге болады.
«Оқжетпес ЕСК» АҚ-да жаяу жүріс үшін ашық ауада әртүрлі қашықтықтағы жаяу жүру жолы салынған, ал қолайсыз ауа-райында жаттығу құрылғысында жүруге болады. Мұндай жаттығудың ұзақтығы мен қарқындылығын дәрігер тағайындайды.
Power Plate жаттығу құрылғысы
Power Plate – жаңа буынның премиум-класс жаттығу құрылғысы, тиімділігі жоғары, әмбебап және барлық ағзаны кешенді жаттықтыруға арналған қауіпсіз құралдар. Олар жаттығу уақытында ағзадағы зат алмасуды бірнеше рет жеделдете отырып, 100% бұлшық ет талшықтарына әсер етеді. Жаттығу құралының платформасы барлық денеге энергетикалық импульстар жібереді, олар бұлшық еттің жиырылуына әсер етеді (25-50 рет/сек.). Осылайша, Power Plate жаттығу құрылғысында азғантай күшпен 15 минуттық жаттығу қарапайым жаттығу құрылғысында бұлшық етке әсер ету бойынша 1 сағаттық қарқынды жаттығумен тең.
Велотенажер
Велотренажерде жаттығу – бұл жалпы ағзаға арналған өте жақсы жаттығу. Бұл:
- өкпенің көлемін ұлғайтады, тыныс алу жүйесін сауықтырады;
- жүрек-тамыр жүйесін жалпы нығайтады, тамырлар мен жүректі шынықтырады;
- иммунитетті нығайтады, төзімділікті дамытады;
- денені сымбаттандырады.
Велотренажерде жаттығу кең таралған ерте жаста қаза болу себептерінің бірі болып табылатын жүрек-тамыр жүйесі патологиясының алдын алады. Сонымен бірге, дұрыс және жүйелі жаттығу қан қысымына қолайлы әсер етеді, гипертония, тромбоэмболия, инфаркт және т.б. ауруларды болдырмайды.
Бұған қоса, ағзаны жалпы жаттықтыру жұқпалы ауруларға қарсы тұрушылықты жоғарылатады.
Жоғары блокты шынықтыруға арналған жаттықтыру құрылғысы
Жаттығу құрылғысы арқаны, әсіресе жалпақ бұлшық еттерді жаттықтыруға арналған. Бұл бұлшық ет тыныс алу кезінде кеуде қуысын кеңейтуге және қол мен иықтың жүзу кезіндегі күш түсіру сияқты жұмыс жасауына көмектеседі. Бұған қоса шыныққан арқа бұлшық еттері – бұл әдемі дене мүсіні, тік омыртқа жотасы, бас ауыруы азаюы және денсаулық басқа пайдасы да зор.
Жаттығу құралын пайдаланудан бұрын зақым алмау үшін жаттығу нұсқаулықтарымен танысу қажет. Үлкен күш түсіріп айналысуға тырыспаңыз.
Квадрицепс-машина жаттығу құрылғысы
Санның 4 басты бұлшық еттері – квадрицепс – бұл адам ағзасындағы ең үлкен бұлшық еттердің бірі. Ол санның барлық алдыңғы бетін алып жатыр. Квадрицепстің негізгі қызметі – балтырды тізеден бүгу және арасында санның бүгілуіне қатысу. Бұл бұлшық ет күні бойына аяқтың буындары мен буын байламдарының қызметіне көмектеседі, сондықтан оны аз күш түсіру арқылы жаттықтыру қажет, әсіресе аяқ сынығынан кейінгі оңалтудан кейін жаттықтыру өте қажет және пайдалы. Бұл бұлшық еттің күшін және созылымдылығын қайтаруға мүмкіндік береді. Осындай жаттығулардың негізі – аз салмақ. Әйтпесе тек қана зақым келтіруге болады.
Спорттық құрал-саймандар
Фитбол – бұл көптеген дене шынықтыру жаттығуларына арналған арнайы доп. Бастапқыда оны швейцарлық физиотерапевт арқа аурулары бар адамдарға арнап әзірлеген. Фитбол арқа бұлшық еттерін нығайтуға көмектеседі, зақымдардан және отадан кейін қалыпқа келтіреді, дене мүсінін жақсартады. Қазір оны фитнес және үй жаттығуларымен бірлестіріп қолданады.
Бұдан басқа Оқжетпес ЕСК-нің фитнес залы гантельдер, штангілер, шеңберлер және басқа да қажетті спорттық құрал-саймандармен жабдықталған.