Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

«Оқжетпес» «Қайырымдылық керуені» қайырымдылық байқауының жеңімпаздарын марапаттады

26 ақпан Алматы қаласында «Қайырымдылық керуені» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау ұйымдастырушылары Нұрсұлтан Назарбаев қоры, Іскер әйелдер қауымдастығы, «Оқжетпес» ЕСК» АҚ, “Хабар” Агенттігі және “КТК” телеарнасы. Іс-шараға Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаева, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев және «Оқжетпес» ЕСК АҚ Президенті Қайрат Беркінбаев қатысты.

Қайырымды іс жасап жүрген жандарды қолдау мақсатында өткен байқау осымен үшінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Жеті номинация бойынша үздік деп танылған жеті жеңімпаздың басты сыйлығы – «Оқжетпес» шипажайына 5 күндік жолдама.

Жобаға қатысушылардың мейірімді жүрегі, жарқын әрекеттері, жанқиярлығы мен қайырымды істері үлкен құрмет пен таңданыс сезімін тудыратыны сөзсіз.

Барша жеңімпаздарды «Оқжетпес» шипажайы атынан шын жүректен құттықтаймыз! Сауықтыру демалысында жүздескенше!

Брондау Онлайн төлем Оператор