Өткен аптада «Оқжетпес» Бурабай шипажайының бірнеше қызметкері: Тамақтану қызметінің меңгерушісі – Житниковская Елена Станиславовна, тамақтану қызметі залының меңгерушісі – Жанысбаева Майра Муратовна және қоғаммен байланыс жөніндегі ресми өкілі – Дина Ораз Алматы қаласындағы «Almaty Resort» филиалында іссапарда болды.
Іссапардың мақсаты: Мейрамхана қызметін ұйымдастыруда және ұсынуда тәжірибе алмасу. Осыған байланысты, ертең (25 ақпан) @okzhetpes.borovoe ресми аккаунты шипажайдың асханасы бойынша онлайн-тур өткізеді. Парақшаға тіркелуді ұмытпаңыз!