Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

«Оқжетпес» жаңа жағдайға қалай бейімделе алды

Өтіп бара жатқан жыл біздің еліміздегі көптеген емдеу-сауықтыру кешендері үшін нағыз сынға айналды және біз де бұдан тыс қалмадық. Жаһандық коронавирустық пандемия басталғаннан кейін, наурыз айының ортасында елде барлық медициналық ұйымдарға санитарлық-шектеу шаралары енгізілді.

Осылайша, біздің «Оқжетпес» шипажайы осы кезеңде қонақтарды қабылдауды тоқтатты. Біз шипажайға келуді жоспарлаған барлық қонақтарымызға қоңырау шалып, сауықтыру демалысын шегерудің ең ыңғайлы нұсқаларын ұсындық.

1 маусымда біздің есіктеріміз қонақтарға қайта ашылып, Біз барлық сақтық шараларын қарастырдық.

  • Шипажай аумағында жаңадан келген қонақтар үшін дезинфекциялық туннель ұйымдастырылды;
  • Асханада қауіпсіздік үшін кезекпен отырғызу қарастырылған;
  • Бассейнге бару 15 адамнан аспайтын топтар бойынша қамтамасыз етілді;
  • Биылғы жыл бізге, ең бастысы, денсаулықты және белсенді өмір сүру мүмкіндігін бағалауды үйретті.⠀

Сіздің демалысыңыздың қауіпсіздігі – біздің міндетіміз!

Сіздерді сауықтыру демалысына күтеміз!

Брондау Онлайн төлем Оператор