«Оқжетпес» шипажайында 1 тамыздан бастап, Covid-19 індетінен кейінгі арнайы оңалту бағдарламасы іске асып келеді. Бағдарлама 14 күнге лайықталған және оған:
Онымен қоса, терапевт, отоларинголог, диетолог, ультрадыбыстық диагностика мен зертханашы дәрігерінің қабылдауы жүргізіледі. Қажет болған жағдайда басқа мамандардан кеңес алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ тамақтану тәртібі мен құрамына ерекше назар аударылады. Әр қонақтың ағзасы мен қалауына қарай жеке мәзір, жеке емдеу курсы қарастырылған.
Физиотерапия жаттығулары, оның ішінде тыныс алу жаттығулары – бұл оңалту бағдарламасының негізгі бөлігі әрі денсаулығыңыздың толық қалпына келуіне ықпал ететін тағы бір фактор.
Төмендегі сілтеме бойынша өтіп, Covid-19 бойынша оңалтудан өткен қонақтарымыздың пікірін көре аласыздар.
https://www.instagram.com/p/CETqqohHdSP/
https://www.instagram.com/p/CEvXawBneOO/
Біз үшін әрбір пікір маңызды! Емдеу-сауықтыру демалысына сізді де күтеміз!
Бағдарлама бойынша толық ақпаратты +7(716 36) 78-101 нөмірі бойынша алуға болады.