«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Cіздерді Құрбан айт мерекесімен құттықтайды!
Құрбан айт – мұсылманның ұлық мейрамы. Туыс пен бауырға, көрші мен дос-жаранға айттап бару, қадірлі қонаққа айттық беріп, үлкеннің алғысы мен батасын алу – қасиетті мерекенің дәстүрі.
Құтты мерекеде жасаған барша сауапты амалдарыңыз, қайырымды істеріңіз, тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Жылдан жылға, айттан айтқа амандықпен жетуді жазсын!