Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

SPA-салоны – бұл толықтай тынығу, дене мен жан үйлесімі.

Салон spa-терапия саласында қызмет көрсетуге мамандандырылған. Тынығу мен күйзеліске қарсы spa-бағдарламаларын, эксклюзивті және классикалық дене мен бет массаждарын, әртүрлі орау және көптеген басқа да қызметтерді ұсынады.

Салон директоры Галина Скипина жетекші косметолог, жоғары санатты SPA-мастер, сертификацияланған жаттықтырушы. Сұлулық индустриясында 20 жыл еңбек тәжірибесі бар.

Өмірлік ұстанымы: Өзін өзі кемелдендіру – кәсіби жетістіктің басты құпиясы!

Осының нәтижесінде 80-нен аса біліктілігін растайтын сертификаттары мен дипломдары бар.

Жазылу үшін мына телефондарға хабарласыңыз:

+7(701) 39852 53

+7(71636) 75 444

«МЫҢ ДА БІР СЫЛАУ» SPA-КҮТІМ, УЫТСЫЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ ДЕНЕНІ СЫМБАТТАНДЫРУ СТОУН-БАҒДАРЛАМАСЫ

Целлюлитке қарсы тиімді сымбаттандыру емшарасы. Тас массажының ерекшелігі – ВАКАПУ африкалық ағаштан жасалған ерекше тастар. Массаж техникасы терең қарқынды әсер ету мен жеңіл сылауды үйлестіру. Денені мүсіндеу, сылау, жеңіл соққылау, мыңдаған және бір қол техникасының тәсілдері денені сымбаттандырады, күш-қуатты қалпына келтіріп, көңіл-күйді сергітеді.

Нәтижесінде: алғашқы емшарадан кейін ақ дене салмағы азаяды, «апельсин қабығына» ұқсаған тері жазылады, улы заттар шығады, дене мүсіні сұлуланады.

PANDHY’S™ ДЕТОКС БАҒДАРЛАМАСЫ

Целлюлитке қарсы Pandhy’s™ қантты массаждың  SPA-сеансы.

Қантты массаждың керемет емшарасы, ең алдымен, ағзаның жағдайын үйлестіруге бағытталған. Сеанс барысында қанттың тері қабығын пилингтеу, тазарту, жұмсарту қасиеттері пайдаланылады. Массаж шарлары мен қанттың қарқынды әсер етуі жергілікті майларға және целлюлитке қарсы күресте ұзақ және тұрақты нәтижеге жетуге көмектеседі. 

Целлюлиттің көзге көрінетін белгілері, Жергілікті май жиналу. Стрии (созылған терінің жартылып, сызықтарға толып кетуі)

Әрбір әйел өз өмірінде целлюлит пен артық салмақ мәселесіне кез болады. Танымал «апельсин қабығы» – терінің майлы тінінің өзгеру нәтижесі. Аталған мәселені шешу үшін қандай әдістер пайдаланылмайды десеңші, соның ішінде ең тиімдісі қолмен әсер ету әдісі, «қолмен сипап қараушы» білікті мастер әсер ету күшін және тәсілін анықтайды, ал арнайы косметикалық препараттар осы тәсілді толықтырады. Егер рәсімдер үйлестірілген диета мен қозғалыс белсенділігі аясында жүзеге асырылса, нәтиже айқын әрі тұрақты болады.Целлюлит көбінесе жамбаста, қолдың жоғарғы бөлігінде, бөкселерде пайда болады. Сондықтан емшара кезінде осы аймақтарға басым көңіл бөлінеді. Лимфа дренаждық массаж ерекше, ол барлық лимфа арнасымен жұмыс істейді.Біздің салонда салмақты азайтудың әртүрлі әдістері ұсынылады, олардың кейбіреуі сізге таныс болуы, ал басқалары жаңа, бірақ тиімсіздеу болуы мүмкін. Сіз таңдаған мастеріңізбен бірге түзету процедураларының тізімінен Сізге қажетті бағдарламаны құрастыра аласыз және міндетті түрде жақсы нәтижеге жетесіз..

ҚАНТТЫ, ЦЕЛЛЮЛИТКЕ ҚАРСЫ, КОФЕИНМЕН МАССАЖ

PANDHY’S ™ теріні жұмсақ қабыршақтандыратын, ылғалдандыратын және арнайы жасалынған целлюлитке қарсы өнімдерді терең ендіруден тұратын, целлюлитке қарсы қантты массаж әдісін әзірледі, ол көбінесе целлюлиттің сыртқы белгілерін жойып қана қоймай, денсаулықты жақсартады.

ӘДЕМІ МЫҚЫН

Денені түзету курсынан өтетін немесе іштегі артық майлары бар адамдарға арналған бағдарлама. Емшараға кіретін скраб, концентрат, маска, модельдеуші тартатын гельдердің құрамында көптеген табиғи құрамдастар – тұздар, балдырлар, өсімдік және эфир майлары бар, соның арқасында іштің серпімділігі жоғарылайды, майлар мен созылған жерлер азаяды.

БАЛШЫҚТЫ – ЦЕЛЛЮЛИТКЕ ҚАРСЫ ОРАУ

Өлі теңіз балшығы – керемет терапиялық құрал және қан айналымы, жүйке жүйесі, эндокринді бездерге, зат алмасу процестеріне жақсы әсер етеді. Балшықпен емдеу жоғары тиімді емдік факторларға жатады. Балшық емшаралары өлі теңіз балшығы жағылған теріде шеткі жүйкелердің ұштары арқылы дененің функцияларына және жүйелеріне күрделі әсер етеді.

Балшықпен орау кезінде пайдалы заттар терінің сыртқы қабатына ғана әсер етіп қоймайды, ішіне еніп лимфаның тіндерден ағып шығуын туғызады, тері қабаттарындағы қан айналысын күшейтеді.  Бұған қоса ағзадан судың артық мөлшерін шығарады. Осылайша, балшықпен орау емшарасы өте қысқа мерзім ішінде артық салмақтан арылуға, дененің артық көлемін бірнеше сантиметрге дейін кішірейтуге көмектеседі. Емдік балшықпен орау ағзадан улы заттарды шығарады, терінің тыртықтары мен созылған жерлерін тегістейді. Емдік балшықпен орау денедегі улы заттарды шығаруға көмектеседі, көптеген әйелдерге ұнамайтын целлюлит шұңқырларын, терінің тыртығы мен созылу белгілерін жояды, теріңізді нәзік, серпімді және барқыттай етеді.

ДЕНЕГЕ ПИЛИНГ ЖАСАУ

Емшара орау, массаж жасаумен толықтырылған.

Пилинг теріні терең тазартады, улы заттарды шығарады, тері жасушаларын жаңартады,  теріге біркелкі түс береді және тегістейді. Тері жасарып, тартылып, барқыт тәрізді жұмсақ түске енеді. Шамадан тыс құрғақтық пен сезімталдық жоғалады. Пиллинг нәтижесінде тері ағзаны қоршаған ортаның, патогендік микроорганизмдердің және вирустардың теріс әсерінен жақсы қорғайды.

ДЕНЕНІ ШОКОЛАДПЕН ОРАУ

Құрамында какао мөлшері жоғары өнімдер денеге қуат беріп және айтарлықтай әсер ете отырып терең босаңсу бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл орау дене көлемін азайтуға, теріні тартуға бағытталған денені түзету бағдарламалары үшін өте қолайлы. Терінің серпімділігін арттыру үшін қазіргі кезде сәнге айналған шоколад маскасы пайдаланылады. Бұл бағдарлама зат алмасу процестерін ынталандырады және дененің икемділігін жақсартады, терінің бетін тегістеп, жібектей етеді.

Шоколадтың хош иісі эндорфиндер – қуаныш гормондарының өндірілуін белсендіреді, жағымды эмоциялар туғызады.

ДЕНЕНІ ЖҮЗІММЕН ОРАУ

Grape – Бургундияда демалу – денені жүзіммен орау.

Жүзім теріге үлкен пайда әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар күтімді өте жағымды емшараға айналдырады. Терінің серпімділігін жақсартып, жұмсартады.

Жандандыру – ынталандыру – жасарту – бұл шарап терапиясының ұраны. Қызыл жүзімнің барлық бөліктерінен алынған биологиялық белсенді ингредиенттер тері күтімі үшін таптырмайтын құрал болып табылады. Белсендіргіш қасиеттерінің арқасында олармен жасалатын SPA-күтім сұлулық пен жасартуға әкелетін салтқа айналады.

CITRUS – ОРТА ШЫҒЫС ХОШ ИІСТЕРІ

Шаршағанды басады, денені босатады, теріні жасартады.

Мүсінді түзету бағдарламасы, икемділікті қалпына келтіру бағдарламасы. Хош иісті тәтті апельсиннің құрамында терінің ерте қартаюына жол бермейтін A, C және P витаминдері жоғары болады. Қызыл жүзім сүйегінің майы мен теңіз тұзын қосып, тәтті апельсиннің жұмсағынан, қабығы мен сүйектерінен алынған микронизацияланған ұнтақ сәнді композицияны құрады және емшарадан ұмытылмас әсер алуға мүмкіндік береді.

БАЛДЫРМЕН ОРАУ (ТІРІ ЛАМИНАРИЯ)

Арықтауға арналған, целлюлитке, терінің созылуына қарсы.

Ламинария теріні терең қоректендіреді және дәрумендермен толықтырады, қан айналымын белсендіреді, улы заттардың шығуын жылдамдатады, ісікті басады, терінің серпімділігін арттырады, тез қалпына келтіруге көмектеседі, серпімділік пен балғындықты қалпына келтіреді. Коллаген мен эластин синтезін белсендіріп, терінің су теңгерімін қалпына келтіреді. Денені сымбаттандырады, денені тартуға айтарлықтай әсері бар.

СТОУН-ТЕРАПИЯ

Ыстық тастар – бұл жылы вулкандық тастармен жасалатын кешенді массаж. Бет пен денеге арналған жалпы сауықтыру және үйлесімділік емшарасы. Денені толықтай босаңсытудың құпия рәсімі. Дененің әрбір жасушасы тастар мен минералдардың жылы энергиясынан қуат алады.

Тас терапиясы арқылы неге қол жеткізуге болады?

  • Шеткі және орталық жүйке жүйесіне пайдалы әсер (терең босаңсудан кейін бас аурулары азаяды, иммунитет жоғарылайды, күйзеліске сезімталдық азаяды).
  • Бұлшықет әлсіздігі жойылады және серпімділігі жоғарылайды.
  • Денедегі зат алмасу үрдістері күшейеді (май тез ыдырайды, қартаю баяулайды). Тері өңі мен серпімділігі артады,  тазарады және лас заттар шығады.

Ыстық тастармен күтінудің артықшылықтары:

  • Тас терапиясы денені терең босатуға, ішкі күйді үйлестіруге, осылайша шаршау мен күйзелісті жеңілдетуге ықпал етеді.
  • Жылудың әсерінен қан айналымы мен зат алмасу артады және жақсарады. Дененің жасушаларына оттегі және қажетті қоректік заттар келеді.
  • Тас салмағы және жұмсақ тіндерді қолмен уқалау лимфа айналымын күшейтеді, ыдырау мен  зат алмасу өнімдері тез шығарылады, ағза улы заттардан тазарады.
  • Бұл күтім салауатты және белсенді өмір салтының бір бөлігі бола отырып, иммундық жүйені және бұлшықетті нығайтуға көмектеседі.
  • Қабынуды азайтуға болады, оңалту үдерістері жеделдетіледі. Жылудың нәтижіснде бұлшықет ауыруы азаяды. Тас терапиясы эндорфиндердің өндірілуіне ықпал етеді.

Тас терапиясының көмегімен мына аурулардан құтылуға болады:

  • Буындардағы ауырсыну, бұлшықеттің жоғары тартылуы, арқадағы және мойындағы ауырсыну;
  • Тәбетсіздік және мешкейлік;
  • Күйзеліс, мазасыздық және тітіркенгіштік;
  • Асқорыту және іш қату аурулары;
  • Күйзеліс және көңіл-күй өзгерістері;
  • Шаршау;
  • Денеде сұйықтықтың тұрып қалуы;
  • Бас аурулары;
  • Ұйқысыздық.

«БАМБУКТЫҢ КҮШІ МЕН ИІЛГІШТІГІ» SPA-БАМБУКПЕН МАССАЖ ДЕНЕНІ ТОЛЫҚ БОСАТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Бұл емшара орау емшарасына қосымша жасалады.

Азияда бамбук ағашы күш пен икемділікті бейнелейді. Табиғи тегіс, жеңіл және құрамы күрделі бамбук Acelvepa емшарасында нағыз массаж құралы ретінде пайдаланылады. Әсіресе бұлшықет тартылуын босату үшін тиімді, бұл бағдарлама арнайы техника мен әсер етудің әртүрлі қарқындылығы арқасында миллиондаған дене сезімін жандандырады. Көлемі әртүрлі үш бамбук таяқтары дене пішініне өте сай келеді және ағзаны терең тынықтырып, энергия теңгерімін қалпына келтіреді.

Нәтижесі: күйзелісті жеңілдетіп және бұлшық еттерді босаңсытады. Тері жұмсақ, барқыт тәрізді және жібектей тегістеледі. Аяқ жеңілдейді.

SPAROMA – ТҰЗДЫ ҚАЛТАЛАРМЕН УЫТСЫЗДАНДЫРУ МАССАЖЫ  

Бұл арқа массажы – тамаша емшаралардың бірі. Ол Miraculum майы мен жылы тұзды қалталармен жүзеге асырылады. Бұл май тері тесіктерін бітемейді, бағалы қоректік заттардан тұрады және теріге тез сіңеді. Теріні жұмсартады және ылғалдандырады. Ол қабынуға қарсы қасиетке ие және антиоксиданттарға бай. Құрамындағы шай ағашы мен лаванда майының арқасында теріні нәрлейді және жұмсартады.

Жылы тұзбен шығарылатын хош иіс пен жылу бұлшықеттерді босатады.  Үнемі отыру жағдайында жұмыс істеу бұлшықеттердің тартылуына әкеліп, олардың серпімділігін төмендетеді. Тұз қалталарын қолдану сізге икемділікті қалпына келтіруге және улы заттарды денеден шығаруға мүмкіндік береді.

«АНТИСТРЕСС» АВТОРЛЫҚ МАССАЖ

Антистресс массажы – бұл салон мамандары әзірлеген бірегей бағдарлама, ол терең босату техникасына негізделген. Бұл әдіс арқылы уқалаау күйзелісті жеңілдетеді және күйзелістен шығарады, ағзаның барлық жүйелерінің жұмысын қалпына келтіруге және үнемі жандандыруға мүмкіндік береді.

Дәстүрлі массаж техникасынан айырмашылығы Anti-stress бағдарламасы әлсіздік пен асқынуды жеңу үшін ғана емес, сонымен қатар күйзеліске қатысты бірқатар мәселелерден құтылу үшін жасалған.

Бір Antistress массажынан кейін күш-қуатыңыз, денеңіздің бұрынғы икемділігі мен жеңілдігі қалпына келеді. Баяулық пен ұмытшақтық жоғалады. Жүйке ұштары босап, бұлшық еттер толықтай босаңсиды

Массаж тұжырымдамасы: адамға үш деңгейдегі әсер – дене, ақыл-ой және жүрек.

Арнайы техника СПА массажының айырықша ерекшелігі – бір мезгілде бұлшықеттерді босатып және лимфа ағынын белсендіру арқылы психо-эмоционалдық күйзелісті жою.

Бұл қалай жұмыс істейді: түрлі әдістердің тіркесімі жан мен дене арасындағы теңгерімді қалпына келтіруге, бас ауырсынуын жеңілдетуге, көңіл-күйіңізді жақсартуға, улы заттардың шығуын тездетуге және иммунитетті жақсартуға мүмкіндік береді, жүйке, бұлшықет, жүрек-тамыр жүйесі, буындарға қатты әсер етеді.

Нәтижесі: Релакс массажының жалпы сауықтыру әсері бар, иммундық жүйені ынталандырады, дененің қолайсыз факторларға төзімділігін арттырады, бұл сізге босаңсу және күйзелісті жеңуге ғана емес, сондай-ақ энергия теңгерімін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

ӨРІСТЕРМЕН АЗИЯ МАССАЖЫ СЕРГІТЕТІН БАҒДАРЛАМА, «АЙ МЕН КҮННІҢ ОДАҒЫ» SPA-КҮТІМІ

Бұл емшара нағыз рахатқа бөлейді және күш-қуатты қалпына келтіреді. Ол массаж жасаудың екі түрлі әдісін біріктіреді. Күннің қызғылт сары шарлары бұлшықет тырысуын басады. Индиго (қара-көк) түсті ай өрістері ағзада үйлесім мен тыныштық сезімін қалпына келтіреді. Күн мен Айдың бұл бірлестігі әрқайсымыздың қатысуымыздағы ерлер мен әйелдер қағидасын, күш пен жұмсақтықты символикалық түрде біріктіреді.

Нәтижесі: терінің өмірлік энергиясы мен тонусын, бүкіл ағзадағы тіршілік пен жеңілдікті сезіну қалпына келтіреді. Тері тез ылғалданады.

ҚАНТТЫ ТОЛҚЫНДЫ МАССАЖ

Құрамында адам ағзасындағы глюкозаға ұқсас глюкоза бар PANDHY’S ™ қантты гель арқылы классикалық массаж элементтерімен жасалатын тиімді массаж. Бұл қасиет  гелдің терінің терең қабаттарына еніп, белсенді заттарды тамаша тасымалдауына мүмкіндік береді. ҚАНТТЫ МАССАЖДЫҢ көмегімен қан ағымы жақсарады, зат алмасу үрдісінің қарқындылығы артады, лимфа дренажы, яғни ағзадан артық сулардың шығуы және иммунитет артады.

Массаждың айрықша ерекшеліктерінің бірі – бұл емшара теріні тазартады, сондықтан емшара алдында пиллинг жасау талап етілмейді.

ИНФРАҚЫЗЫЛ САУНА

Инфрақызыл саунаның ағзаға әсері :

  • иммундық жүйе белсенеді;
  • зат алмасу артады;
  • тіндердегі қан ағысы жақсарады;
  • гормондар белсенеді;
  • бұлшық ет пен тіндердің серпімділігі жоғарылайды.

Психологиялық әсері:

  • шаршағанды басады;
  • демалу сезімін қалыптастырады;
  • көңіл-күйді көтереді.

20 минуттық сеанс терең күйзелісті жеңілдету және сергу үшін жеткілікті.

Терапевтикалық әсері:

  • ауырсынуды басады;
  • қан айналысын белсендіреді;
  • бұлшық еттерді созады;
  • буын, етеккір, құяң, құрысу, ревматизм кезіндегі ауырсынуларды басады;
  • инфрақызыл сәуле тамақ ауруларын емдеу үшін, ортаңғы құлақтың созылмалы қабынуы, сондай-ақ мұрыннан қан кету кезінде қолданылады;
  • буындардағы қаттылықты жояды;
  • қан тамырларын кеңейтеді ;
  • қабыну кезінде тез сауықтырады.

БОСАНУ АЛДЫНДАҒЫ КҮТІМ

Босану алдындағы массаж дегеніміз не? Әдеттегідей жүйке жүйесін тыныштандыру, арқа немесе буындардағы ауырсынуды жеңілдету, демалу, қан айналымын, тіпті көңіл-күйді көтеру үшін.

Жүктілік кезінде әйел баланың өмірге келетін сәтін асыға күтеді. Алайда, күтудің осы кезеңі белгілі бір қолайсыздықтарды жиі тудырады – арқа, белі, аяғы шаршайды. Сондықтан босануға дейінгі массаж босануға дайындықтың бір бөлігі болып табылады. Массаж дененің шаршағанын басады. Уқалау тынышталу мен демалуға көмектеседі. Мануалды (қолмен әсер ету) әсер эндорфин өндірілуін ынталандырады, әйелдің көңіл-күйі көтеріліп, алаңдаушылық ойлары жоғалады.

Алайда мұндай массаж болашақ анаға міндетті түрде қажет емес. Егер әйел өзі қаламаса, онда мануалдық емдеу қажет емес. Алайда 9 ай кезең ішінде массаж сеанстарын алудың өзіндік артықшылықтары бар.

Осы керемет рәсімнің артықшылықтары қандай:

  • Ауырсынуды және  құрысуды басады. Әсіресе, бұл жағдайда мойын, белді, жамбас және аяқты уқалау;
  • ісінуді басуға көмектесетін лимфа ағынының айналымын ынталандырады;
  • буындардан күшті түсіреді;
  • қан айналымын, зат алмасуын арттырады және ұрықтың оттегімен қоректенуін жақсартады;
  • Күйзелісті басады, тыныштандырады, қорқыныштардан арылтады.

Массаж кабинетіне жүктілікке дейін және жүктілік кезінде жүйелі түрде бару жүктіліктің жеңіл өтуіне көмектеседі және жүктілік кезіндегі кейбір қиындықтарды жеңілдетеді.

Брондау Онлайн төлем Оператор