Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

ӘЖІМ, КҮШ-ҚУАТТЫҢ ТӨМЕНДЕУІ

Әжім… Философтар әжімді уақыттың салған әділ мөрі деп есептейді, физиогномика мамандары әжімдер бойынша адамның мінез-құлқын қалай анықтау керектігін біледі, тіпті тағдырды да болжайды. Ер адамдардың бетіндегі әжімдер, әрине ақылға қонымды даналық пен беделді білдіреді. Алайда, әжім әйелдерді ешқашанда, қандай жаста болмасын сұлу етіп көрсетпеген.

Әжімдердің қалыптасуы коллаген мен эластиннің ақуыз молекулаларының болмауынан ылғалдың жоғалуы мен серпімділік жетіспеушілігімен байланысты. Регенерацияның баяулауы тері жасушаларындағы жас өзгерістерінің салдарынан болады. Олар сирек бөліне бастайды, ылғалды ұстап, қажетті заттарды синтездеу мүмкіндігін жоғалтады. Бұл ағзада витаминдер, минералдар, протеиндер, май және көмірсулардың жетіспеушілігіне әкелетін үйлестірілмеген тамақтану мен түрлі диеталар нәтижесінде пайда болады.  Тері жасушаларының жұмысына күйзеліс жағдайлары және теріс өмір салты – ұйқының болмауы, таза ауаның және физикалық белсенділіктің болмауы, жаман әдеттер жағымсыз әсер етеді.

Салауатты өмір салты. Әжімдерді сәтті жою үшін дұрыс тері күтімі мен алдын алу жеткіліксіз. Жалпы денсаулық жағдайын жақсартудың қамын ойлау қажет; жалпы нығайтатын тәртіп  орнату, белгілі бір диетаны сақтау, бүкіл дененің және бетке арналған жаттығу мен гимнастикамен айналысу қажет. Салауатты өмір салты, дұрыс тері күтімі, бет қимылын бақылауға алу және жақсы көңіл-күй, осының бәрін біздің «Оқжетпес» ЕСК» АҚ-нан ала аласыздар, біздің мамандар өзін қалай күтуді үйретеді және әжім түсудің алдын алуға қажетті барлық емшараларды ұсынады.

«Оқжетпес» ЕСК-нің косметологиялық кабинеті мезгілінен бұрын қартаюды болдырмауға, терінің тартымдылығы мен жастығының сақталуына көмектеседі, сіз бізден әжімдерді жоюдың көптеген әдістерін таба аласыз.

Қосымша ақпарат алу үшін қоңырау шалыңыз: +7(701) 398 52 53

Брондау Онлайн төлем Оператор