Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

6 ШІЛДЕ – АСТАНА КҮНІ

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Астана күнімен шын жүректен құттықтайды!

Астананың туған күні – әрбір қазақстандық үшін бүкілхалықтық мереке. Елорда көпұлтты мемлекеттің достығы мен тұтастығы, жаңару мен Қазақстан халқының шоғырлану символы, рухани өсу мен жоғары жеңістерге қол жеткізудің көрінісі және қазақстанның жарқын арманының жүзеге асуы болды.

Бүгінгі таңда Астана – әлемдегі ең әдемі және жас астаналардың бірі. Ол өзіне әртүрлі елдерден туристер мен қонақтарды тартады, ірі халықаралық іс-шаралар мен маңызды оқиғалардың орталығы болып отыр. Астананың бейбіт атмосферасы қайталанбас архитектуралық көрініспен, Шығыс пен Батыстың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерімен, Қазақстан халқының мәдениеті мен салтының барлық байлығымен ұштастырылады.

Осы маңызды мерекемен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Біздің елордамыз гүлдене берсін, әр отбасының өмірі қуанышты оқиғаларға, шаттық пен болашаққа деген нық сенімге толы болсын!

Сіздерге зор денсаулық, мол табыс пен бақыт тілейміз!

Брондау Онлайн төлем Оператор