Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Нафталанмен емдеу

Шипажайға жүрек-қан тамыры, тыныс алу мүшелері, тірек-қозғалыс аппараты, жүйке жүйесі, қан тамыры аурулары сияқты дерттермен келетіндер көп. Дегенмен, басым бағыт тірек-қозғалыс аппараты мен жүрек-қан тамыры жүйесі саналады. Қазіргі уақытта біз емдеудің жаңа түрін енгізіп жатырмыз. Ол – Нафталанмен емдеу. Бұл мұнай өнімі және бұрындары Қазақстанда қолданылған емес. Әзербайжаннан әкелінген Нафталанмен емдеуді «Оқжетпес» ең бірінші болып қолға алды.

Нафталан – мұнайдан жасалған күшті дәрі. 70-тен астам ауруға ем бұл дәріні адамдар 12 ғасырдан бері емдік бағытта қолданып келеді. Ол қанның тұтқырлығын төмендетеді, иммунитетті көтереді. Өкпенің жұмысын жақсартады. Ағзадағы қабыну процестерін тоқтатады.

Анальгетикалық әсері бар. Буын, тірек-қозғалыс жүйесіне әсері мол. Экзема, псориаз сияқты әлемде кездесетін кез келген дерматит ауруларын емдейді. Әзербайжан кеңес заманынан-ақ осы Нафталанмен емдеу жүйесін жолға қойған. Қазақстан азаматтары дәл осы емді алу үшін сол елге баратын. Ал шипажай Нафталанмен емдеуді осыдан жарты жыл бұрын қолға алдық. Күн сайын емшараға сұраныс артуда.

Брондау Онлайн төлем Оператор