Сауна және оның пайдасы
Сауна және монша сергектіктің таптырмас көзі және белгілі бір дәрежеде «емдік құрал» болып есептеледі.
Жүйке жүйесі
Зерттеулер көрсеткендей, 10 минут уақыт саунада болғаннан кейін қозғалыс реакциясы мен координация жоғарылайды, ал 20 минуттан кейін төмендей бастайды. Бұл, жүйке жүйесінің босаңсыңуынан және қалпына келтіру үдерістерінің басталуынан пайда болады. Бұдан басқа сауна ішкі сезімге әсер етеді. Бұл жерде интерьер, сауна жайының ұйымдастырылуы, қосымша емшаралар және серіктестер маңызды рөл атқарады.
Жүрек-тамыр жүйесі
Саунада болу жүрекке оң әсер етеді, бірақ ұзақ уақыт болған кезде бас айналып, жүрек соғуы жиілейді. Ал бас миында тамырларға қан құйылу күшеюі байқалады. Саунада дұрыс булану кезінде жүрек-тамыр жүйесі 1 сағат демалыстың ішінде қалпына келеді.
Бұлшық еттер
Саунаның жылулық әсері тонусты төмендетеді, онымен бірге бұлшық еттер де босаңсиды, олардың серпімділігі артып, дәнекер тіндері жұмсарады.
Тыныс алу
Саунада жылудың әсерінен тыныс алу жиілейді және өкпенің көлемі орташа алғанда 100 мл-ге ұлғаяды. Салқын тию аурулары кезінде, әсіресе өкпеде қақырық жиналған кезде сауна қолайлы әсер етіп, адам тез сауығады. Ал, егер буға эвкалипт, қарағай және жалбыз эфирлерін қосса ингаляция тәрізді әсер етеді.
Тері
Саунада тері температурасы 41-42 градусқа және одан да жоғарылауы мүмкін. Бұл жылу реттеу механизмін, тер бөлінуін, қан айналысын, терінің сезімталдығын және оның тыныс алу белсенділігін күшейтеді. Жоғарыда аталған үдерістердің барлығы терінің жылу реттелу, тыныс алу, қорғаныш, жанасу, бөлу қызметін жақсартады. Ішкі мүшелердің қызметі жақсарады және ауруларға қарсы тұрушылық жоғарылайды.
Салмақ
Саунада салмақты азайту ылғалдың біршама мөлшерде шығуынан жүреді. Арықтаудың қарқындылығы булануда болу уақытына, температураға және ылғалдылыққа, денсаулық жағдайына және ағзаның жеке ерекшелігіне байланысты. Қазіргі уақытта мамандармен арықтауға және қалыпты салмақты ұстап тұруға қатысты көптеген нұсқаулықтар әзірленді. Бірақ, ең тиімдісі диетадан кейін спортпен айналысу және монша емшаралары. Монша емшаралары кезінде қатты арықтау денсаулыққа зиянды екенін есте ұстаған жөн.
Алдын алу және иммунитет
Саунада дұрыс булану кезінде гипертониктердің артерия қысымы төмендейді, бүйрек ауруымен ауыратын адамдардың көңіл-күйі, сонымен қатар зат алмасуы жақсарады. Орталық және шеткі жүйке жүйесін емдеу кезінде, мысалы, остеохондроз, құяң, созылмалы полиартритте массаж жасау арқылы булану тиімді. Сауна шаршағанды басады, мазасыздану төмендейді. Осының арқасында, ағзаның көптеген тіршілік әрекеттері жылдамдайды, зақымдалған жұмсақ тіндер мен буындар тез жазылады.
Саунадан кейін ертеңгі күні өзіңіздің көңіл-күйіңізге назар аударыңыз. Егер өзіңізді жеңіл және сергек сезінсеңіз, яғни сіз емшараны дұрыс қолдандыңыз. Егер, көңіл-күйіңіз өзгермесе немесе бұзылса, онда сіз бір нәрсені дұрыс істемедіңіз немесе нашар булануды таңдадыңыз.
Қарсы көрсеткіштері: кардиоваскулярлық аппараттың кейбір аурулары, жоғары қан қысымы, тыныс алу аурулары, жедел аурулар, жүкітілік және т.б.
Демалыс және саунада болу кезінде емшара пайдалы болу үшін Оқжетпес ЕСК дәрігерлерінің кеңестерін қолдануыңызды сұраймыз.