Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

«АНТИКҮЙЗЕЛІС» САУЫҚТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені денсаулықты оңалтуға арналған 10 сауықтыру бағдарламасын ұсынады. Оның бірі, «Антикүйзеліс» сауықтыру бағдарламасы.

Қарбалас тіршілікте күйзеліске бой алдырмау қиынның қиыны. Кейде бәрінен бір сәтке алыстап, ағза мен миға жай ғана тыныштық сыйлаудың өзі күйзелістен шығудың бір жолы. Эмоциоционалды жағдайды ретке келтіру үшін «Оқжетпес» ЕСК күйзеліске қарсы бағытталған сауықтыру бағдарламасын ұсынады.

Кешенді сауықтыру бағдарламасының ұзақтығы – 10 күн.

Егер сізде:

  • созылмалы шаршау синдромы;
  • вегато-тамырлық дистония;
  • астено-невротикалық синдром байқалса, осы бағдарлама аясындағы емшаралардан өтуге кеңес береміз.

Әсері:

  • көңіл-күйді жақсарады;
  • жұмыс қабілеттілігін арттырады;
  • вегетативті жүйке жүйесін қалпына келтіреді;
  • барлық органдар мен жүйелердің жұмысын оңтайландырады.

Брондау бөлімінің байланыс нөмірі:
+7(702)-059-2020

АРНАЙЫ ҰСЫНЫС: ДЕМАЛЫС ПАКЕТІ

Демалыс күндеріне арналған пакетке 10% жеңілдік қосылғанын қуана хабарлаймыз.

Жолдама құнына жұмадан жексенбіге дейінгі емдеу-сауықтыру бағдарламасы кіреді. Демалыс күндерінің пакетіне мыналар кіреді:

• 2 орындық нөмірде тұру
• Күніне төрт рет тамақтану
• Check-up
• Жолдама құнына кіретін кез келген бір емшараны таңдау
• Бассейнге, саунаға, фитнес-залға бару (+спортзал мен бильярд)
• Галокамера
• Терренкурмен серуендеу

Брондау бөлімінің байланыс нөмірі: +7 (702) 059 2020

МЕНШІКТІ РАДОН КӨЗІ, МАЙБАЛЫҚ КӨЛІНІҢ МИНЕРАЛДЫ СУЫ ЖӘНЕ ШИПАЛЫ БАТПАҚ

Шипажайдың басты міндеті – өмір сүру деңгейін арттырып, ағзаны аурудан қорғау, енді ғана басталып жатқан әлсіздікті басу.
Мұнда тыныс алу органдарының, жүрек-тамыр жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының ауруларынан кейін сауықтыруға басымдық беріледі. Біз Майбалық көлінің минералды суын, Балпашсор көлінің балшығын емге қолданамыз. Балпашсор көлінің балшығы тірек-қимыл аппараты ауруларын, артрозды, артритті, омыртқа остеохондрозын емдеуге көмектесетін биологиялық белсенді балшық болып есептеледі. Бұл тірек-қимыл аппаратының ауруларын емдеп қана қоймай, қабынуға қарсы әсер етеді.

Мұндағы радон суы жұрт мақтап жүрген Ресейдегі Пятигорск радон суларына тең. Радон терапиясы – радон сәулесімен емдеуге негізделген және денені қорғанысқа бейімдеуге көмектесетін, перифериялық қан айналымына, жүйке-бұлшықет аппаратына әсер ететін терапияның бір түрі.

Шипажайдың су емханасында ваннаның бес түрі бар: су массажы, қылқан жапырақты ванна, панта бұғауы, төрт камералы ванна мен минералды ванна. Мұнда тіпті себезгінің де бірнеше түрі бар: душ-Шарко, дөңгелек душ, душ-массаж және субұрқақ душ. Сонымен қатар, емдеу блогында физиотерапияның бүкіл түрі, хирудотерапия (сүліктермен емдеу) бар. Дәрігердің нұсқауы бойынша келушілер шөп тұнбаларынан бұқтырылған шәй түрлерін, оттегі коктейльдерін іше алады.

«АЙ ЖӘНЕ КҮН» SPA-КҮТІМІ

SPA – бұл керемет демалудың, толықтай босаңсу, жан-дүниенің үйлесімділігіне жету, күш-қуат пен денсаулықты қалыпқа келтірудің бірегей мүмкіндігі. Сіздердің назарларыңызға «Ай және Күн» – азиялық массаж сфералары бар сергіткіш SPA-күтімін ұсынамыз. Бұл процедура тәніңіз бен жаныңызға нағыз рахат сыйлайды әрі теріні қалпына келтіреді. Ол екі түрлі сфераны қолдана отырып, екі массаж әдісін біріктіретін күтім.

Қызғылт сары «Күннің» жылуымен толтырылған сфералар бұлшықет кернеуін жеңілдетеді.

Индиго түсінің «Ай» сфералары үйлесімділік пен тыныштық сезімін қайтарады. Күн мен Айдың бұл одағы әрқайсымызға ерекше күш пен жұмсақтықты символдық түрде біріктіреді.
Нәтижесінде өмірлік энергия мен тері тонусы қалпына келеді, бүкіл денеде сергектік пен жеңілдік сезімі пайда болады. Сонымен қатар, теріні тез ылғалдандыратын әсері бар.

Сіздерді сұлулық пен сауықтыру демалысында күтеміз!
+7(702) 059 20 20

«ОҚЖЕТПЕС» ЕСК-ДЕГІ ОҢАЛТУ: ШИПАЖАЙДЫҢ ЕМДІК МҮМКІНДІКТЕРІ ТУРАЛЫ ЛАУРА ҚҰСАЙЫНОВА АЙТЫП БЕРДІ

Пандемиядан кейін біз вирустық пневмонияның қауіпі мен аурудың салдары қаншалықты ауыр болатынын жақсы білдік. Бірақ бұл жерде ең бастысы — иммунитетті нығайту және уақытында оңалту курстарынан өту. Қазақстандықтар мен шетелден келген қонақтар демалысты денені сауықтыру мүмкіндігімен үйлестіруді шешіп, Бурабайдың қақ ортасында орналасқан әйгілі “Оқжетпес” шипажайын жиі таңдайды. “Оқжетпес” ЕСК емдеу-оңалту жұмысы жөніндегі вице-президенті Лаура Құсайынова Kazinform агенттігінің тілшісіне шипажай өз келушілеріне қандай мүмкіндіктер беретіні туралы айтып берді.

Мақаланың толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы өтіп, оқи аласыздар:
https://www.inform.kz/ru/reabilitatsiya-v-lok-okzhetpes-o-vozmozhnostyah-sanatoriya-rasskazala-laura-kusainova-c9e548

САУЫҚТЫРУ ДЕМАЛЫСЫН АЛДЫН АЛА ЖОСПАРЛАҢЫЗ

Құрметті оқырмандар! 10 қаңтардан бастап шипажайда бос орындардың бар екені туралы асыға хабарлаймыз!

Сауықтыру демалысын алдын ала жоспарлау үшін:

1) Біздің ресми сайтымыз okzhetpes-burabay.kz көмегімен алдын ала брондауға болады;

2) +7(702)-059-2020 номеріне хабарласып, бос күндерді таңдап, жоспарлай аласыз;

3) Әлеуметтік желідегі парақшамыздағы direct-те жазып, аты-жөніңіз бен байланыс номеріңізді көрсетіп, брондай аласыз.

Сондай-ақ, 10% жеңілдікпен демалыс пакетіне акция жарияланғанын қуана хабарлаймыз.

Толық ақпаратты +7 (71636)78 – 101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады

САУЫҚТЫРУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Біздің сауықтыру кешенінде 10 емдеу бағдарламасы бар:
• Пневмониядан кейінгі оңалту. (Емдеу курсы – 7-14 күнді құрайды)
• Тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу – 10-14 күн
• Жүрек-тамыр жүйесі ауруларын емдеу – 10-14 күн
• Әйел денсаулығы – 10 күн
• Ерлер денсаулығын нығайту – 10 күн
• Буындарды нығайту – 10-14 күн
• Артропатия: подагра – 10-14 күн
• Ағзаны шлактардан тазарту және бұзылған функцияны қалпына келтіру – 6 күн
• Сау омыртқа бағдарламасы – 10 күн
• Тамыр аурулары – 10 күн

Жолдама құнына кіретін медициналық қызметтердің толық тізімін, сондай-ақ ақылы медициналық қызметтердің тізімін біздің сайтымыздан таба аласыз. Байланыс нөміріміз: +7702-059-2020

ШИПАЖАЙДАҒЫ АС МӘЗІРІ

Тамақтану – бұл емдеу процесінің маңызды компоненттерінің бірі. Сондықтан біз сіздер үшін дұрыс тамақтануды ұйымдастыруда ерекше назар аударамыз.⠀
Біздің емдеу-сауықтыру кешенінде төрт мезгіл тамақтану режимі, сондай-ақ қымыз қабылдау рәсімі ұйымдастырылған.
Медициналық көрсеткіштер бойынша жиі тамақтануды қажет ететін қонақтар үшін дәрігерлердің тағайындауы бойынша қосымша тамақтану белгіленеді немесе жеке тамақтану тәртібі тағайындалады.

Сіздерге ыңғайлы болуы үшін өз таңдауыңыз арқылы келесі күні алдын-ала тапсырыс беру жүйесін қолданамыз.

Тамақтану жиілігі емдік кезеңге және диетолог тағайындаған диетаға байланысты төрт, бес немесе алты рет болуы мүмкін.
Тамақтану тұру құнына кіреді, ал мәзір әр түрлі және оны өзіңіз таңдай аласыз.
Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз! +7(702)059 20 20

ШИПАЖАЙДА СҰРАНЫСҚА ИЕ ТОП-5 ЕМШАРА

Біз қонақтарымыздың арасында сауалнама жүргізіп, біздің кешенде сұранысқа ие әрі көпшіліктің ең сүйікті медициналық процедураларын анықтадық. Үздік бестікке мына емшаралар кіреді:

Шарко Душы. Бұл сумен емдеу әдістерінің бірі, жоғары қысымды су ағыны арқылы массаж ретінде жасалады.
Айтпақшы, бұл процедураның «жұлдызы» – медбике Күлия ханым. Сол кісінің арқасында емшара ерекше сұранысқа ие. Ол туралы тіпті танымал БАҚ-та бірнеше мақалалар бар.

Панталы бу саунасы немесе панталы бөшке деп те аталады – бұл ағзаны жалпы сауықтыруға арналған емшара. Ол марал пантасы сығындысының буымен толтырылған ағаш бөшкеде, көбінесе балқарағай бөшкесінде жүргізіледі.

Озокеритті бастырмалар. Озокериттің емдеу әсері жылу және механикалық шарттар арқылы беріледі. Озокерит әсер ету аумағында 4-5 см тереңдікте қысқа мерзімді (5-40 с.) тарту арқылы терінің температурасын 2-3°С жоғарылатады, соның салдарынан тамырлар кеңейіп қан ағысы күшейеді, қабыну жойылады , зат алмасу жақсарады, бұлшық еттер босаңсып, жұмсарады, ауырсыну басылады.

Балшықпен емдеу. Бұл курорттық терапияның ең танымал және өте тиімді әдістерінің бірі. Балпаш көлінің балшықтары құнды химиялық, биологиялық қасиеттерге ие, зат алмасуын қалпына келтіреді, терідегі жүйке ұштарына және жасуша элементтеріне әсер етеді және қабынуға қарсы әсері бар.

Массаж. Бізде механикалық және қолмен жасалатын массаждың түрлері бар. Сонымен қатар, биоэнергетикалық массаж процедурасы бар.
Емшаралар бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, +7702-059-2020 нөміріне хабарласуға болады.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!

Брондау Онлайн төлем Оператор