Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Суық мезгілде қандай емшаралар тағайындалады?

Күзде және қыста, терезенің сыртындағы ауа-райы бізді қуантпаған кезде, ауа температурасы төмендеп, сыртта суық болғанда біздің “Оқжетпес” кешенінде сіздің қызметіңізге төрт фин саунасы, инфрақызыл сауна, түрік хамамына бара алсыздар. Оларға кез келген жастағы адам бара алады, себебі ол басқасына қарағанда салқындау және ең ылғалды моншалардың бірі.

⦁ Ал егер сіз жүзуді ұнатсаңыз, кешенде бассейн бар. Оның ұзындығы 25 м, ені 12 м, тереңдігі 1,7 м. Біздің бассейнге бару күні бойы сізге сергектік береді
⦁ Сондай-ақ, фитнес залы мен буын тренажерлары бар спорт залы бар, онымен қоса, демалыста да дене шынықтыруға көмектесетін кәсіпқой жаттықтырушылар бар
⦁ Саунаға немесе хамамға барғаннан кейін, спортпен шұғылдану біздің демалушылар фитобарда емдік шай іше алады.
Біздің кешенде сіз суық мезгілде демалушыларға арналған қызметтер мен процедуралардың барлық тізімін таба аласыз.

Сіздерді “Оқжетпес” ЕСК – де күтеміз!

Шарко душы

Шарко душы – сумен емдеу әдістерінің бірі, су ағымының қатты қысымымен уқалау нұсқасын көрсетеді.
Ол қан айналым жағдайын жақсартады, зат алмасуды тездетеді, ағзаны сергітеді. Сонымен қатар Шарко душы мидың қатты шаршауын, шамадан тыс тітіркенуден, күйзелістен, көңілсіздіктен сақтайды. Отырған жұмыстан кейін бұл емшара бұлшық еттерді әлсіретеді және қан айналымды қалпына келтіреді, қимыл тірек апараттарының қозғалыс функциясы бұзылғанда душ өте тиімді.

Бірнеше сеанстардан кейін тері жұмсақ серпімді болады, күш қуаты сезіліп күйзеліс шегі төмендейді.
Шипажайда Шарко душының курсын басқа да су емшаралары мен бірлестіре отырып өту, сонымен қатар жекелеген жаттығулар және дұрыс тамақтану, арманыңызға қол жеткізуге, өзіңізді қалыпқа келтіруге бәсеңделетін кешенді толық шараларды алуға мүмкіндік береді.

Сіздерді әрдайым «Оқжетпес» ЕСК» күтеміз!
Сіз толық ақпаратты +7 (71636)78 – 101, +7 702 059 20 20 телефондары арқылы ала аласыз.

«Оқжетпес» шипажайы несімен ерекше?

Ең бірінші – Қазақстанның інжу-маржаны Бурабайдың жүрегінде, Щучье-Бурабай курорттық аймағының ең әдемі көлінің жағасында орналасуы.

Радонды терапия. Меншікті бұлақтың радонды суын пайдалану арқылы жаңа медициналық қызмет көрсетуімен;

173 демалушыға арналған нөмірлік қоры бар. Жыл бойы жұмыс істейді, бұл дегеніміз, сіздің бізбен бірге сауықтыру демалысын өткізуіңіз үшін 365 күніңіз бар!

Физиотерапевтік кабинеттер, балшықпен емдеу, урологиялық, стоматологиялық, массаж және емшара кабинеттері бар;

Әр терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік беретін қуатты аспаптық негізге ие;

Мониторингтің ең маңызды әдістері – ультрадыбыстық, функционалды, электрокардиографиялық, зертханалық диагностиканы ұсынады;

Онымен қоса, «Оқжетпес» шипажайы Еуропалық стандарттарға сәйкес, жоғары сапалы қызмет көрсетуге ұмтылысы үшін «Еуропалық сапаға лайықты» халықаралық марапатына ие болған.

Сіздерді «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде күтеміз!

Ультрадыбыстық терапия

Заманауи медицина соңғы жылдары қарқынды алға жылжып, ағзаны емдеудің көптеген түрлері пайда болды. Бүгін біз сіздерге ультрадыбыспен емдеу туралы ақпарат ұсынамыз.

Ультрадыбыстың адам ағзасына қабынуға қарсы, анальгетикалық, қалпына келтіретін, десенсибилизаторлық әсері бар.

Ультрадыбысты қолдана отырып, теріге ультрафонофорез препараттарын енгізуге болады.

Біздің шипажайда ультрадыбыстық емдеу ағзаның көптеген ауруларына қарсы қолданылады, мысалы, артрит немесе артроз, гинекологиялық, урологиялық аурулар, жарақаттар, перифериялық жүйке жүйесінің аурулары және т.б.

Өз денсаулығыңызға қамқор болыңыз, сауықтыру демалысында кездескенше!

Жаңа жыл қарсаңындағы демалысты «Оқжетпесте» өткізуге шақырамыз!

Желтоқсан айы мерекелік күндерге толы ай. Олардың ішіндегі ең сиқырлы әрі ұмытылмас әсер сыйлайтыны, әрине, Жаңа жыл.

Егер сіз жаңа жыл алдындағы мерекелерді өткізу үшін идеялар іздесеңіз, онда «Оқжетпес» Сізге жақындарыңызбен пайдалы және жайлы демалыстың келесі нұсқаларын ұсынады:

Қысқы ойын-сауық. «Оқжетпес» ЕСК-де сауықтырудан бөлек әр қонағымыз өз уақытын белсенді өткізе алады. Шаңғымен сырғанау, скандинавиялық серуендеу, әткеншек, терренкурмен серуендеу және тағы басқалары біздің әр қонаққа қолжетімді!

SPA – мерекелік күндерге дейін тәніңізді қалпына келтіру. «Оқжетпес» шипажайында жолдама құнына бассейн, фитнес –зал, фин және инфрақызыл сауналары, фито-бар және спорт залға бару кіреді. Сонымен қатар, жолдама құнына кірмейтін бірқатар басқа да SPA процедуралары бар.

Жайлы интерьер және тамаша көрініс. Бурабайдың әсем табиғаты,бірегей таза ауасы мен 5 мезгіл тамақтану сіздің тонусыңызды арттырып, хал-жағдайыңызды жақсарта алады. Шипажайдың нөмірлік қоры стандартты, люкс және Отбасылық деп бөлінеді.

Тұзды шахта. Тұздың ағзаға пайдасы зор, сондықтан процедураны вирустық инфекциялардың алдын алу үшін жүкті әйелдер мен жас балалар да ала алады.

Жаңа жылдық мерекелерді қайда өткізу жайлы ойланып жүрсіз бе? «Оқжетпес» шипажайымен жайлы әрі пайдалы демалысты біріктіріңіз!

Толығырақ ақпаратты сіз келесі телефондар бойынша ала аласыз:

+7 (702) 059 20 20

Қамқорлықпен емдеу!

Иммунитетті нығайту, аурулардың алдын алу, жалпы денсаулықты жақсарту – біздің шипажай кең ауқымды емдік бағдарламалар ұсынамыз.

Біздің мамандар сіздің ағзаңыздың ерекшеліктерін ескере отырып, жеке емдеу курсын тағайындайды. Денсаулыққа ең жақсы жағдай жасаңыз!

Елестетіп көріңіз: айналаңызда саф ауа, әсем табиғат, Оқжетпес шыңы, балаларыңыз алаңда кәсіби аниматормен ойнап жүр, ал сіз сол уақытта сауықтыру емшараларынан өтіп, дәрігермен кеңесіп, минералды ванна қабылдап жатсыз.  Біздің шипажай ыңғайлы отбасылық демалыс пен тиімді уақыт өткізу үшін бәрін егжей-тегжейлі ойластырған. Уайым мен жұмысты, стресс пен қиындықтарды бір сәт ұмытыңыз – өзіңізге және жақындарыңызға денсаулық пен шаттықтың баға жетпес сәттерін сыйлаңыз!

Брондау үшін: +7 702 059 2020

Суық мезгілде дұрыс тамақтану

Ауа-райы салқындаған сайын адам ағзасының жұмыс режимі айтарлықтай ерекшеленеді. Тамақтану – біздің ағзамыздың жұмысының маңызды бөлігі. Осыған орай, суық мезгілде тамақтану туралы бірнеше кеңестер ұсынамыз.

Кеңес №1. Аштыққа жол бермеңіз!

Қысқы тағамның калория мөлшері жазға қарағанда жоғары болуы керек. Бұған ауыр ақуыздар көп балық, құс еті, ет тағамдарын тұтынуды көбейту арқылы қол жеткізу қажет. Қыста онымен қоса, көмірсудан бас тартпағаныңыз жөн. Оларды диета үшін тамақтану рационынан алып тастау иммунитеттің төмендеуіне және вирустық ауруларды оңай қабылдауға қауіп төндіреді.

№2 Кеңес. Витаминдер мен дәрумендер!

Тамақтану тәртібіне дәрумендерге бай тағамдарды қосу керек. Қыста олар өте үлкен рөл атқарады. Атап айтқанда, Е дәрумені теріні ауа-райынан және аяздан қорғауға көмектеседі.

№3 Кеңес. Су ішуді ұмытпаңыз!

Тіпті қыста сіз кем дегенде 1.5 литр сұйықтық ішуіңіз керек. Кем дегенде бір литр таза су! Қалған сұйықтық компот немесе жылы шай түрінде болуы мүмкін.

№4 Кеңес. Ыстық тамақ!

Ыстық тағамдарды немесе жылы сусындарды ішуді ұмытпаңыз. Егер сіз жолда тамақтануыңыз керек болса, онда тағамды ыстық шаймен ішкен жөн.

№5 кеңес. Әртүрлі рацион!

Мәзіріңіздің барынша алуан түрлі болуын қамтамасыз етіңіз. Өнімдерді күн сайын ауыстырған жөн. Ыдыс-аяқтың әртүрлілігі және тамақтанудың бөлшек қағидасы сіздің денеңізге қыс мезгілінде белсенді өмір сүру үшін жеткілікті қуат береді.

Сіздің денсаулығыңызға деген қамқорлықпен «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені.

Жайлы сауықтыру демалысы

Күз бен қыс мезгілінде бәріміз жылулық пен жайлылықты аңсаймыз!

Салқын ауа-райында ыстық саунада жылынудан жақсы не болуы мүмкін? Оны сергітетін бассейнде жүзу мен түрлі емшаралармен толықтырсақ ше? Фитобардағы шөптен жасалған емдік шаймен жылыну тіпті бөлек әңгіме. Мұның бәрін біздің шипажайдан таба аласыз!

Сіздің жайлы демалысыңыз үшін біздің шипажайда:

⦁ Бассейн
⦁ Фитнес-зал
⦁ Төрт түрлі фин саунасы
⦁ Инфрақызыл сауна
⦁ Фито-бар
⦁ Спорт залы бар күтеді.

Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз!

Нафталанмен емдеу

Шипажайға жүрек-қан тамыры, тыныс алу мүшелері, тірек-қозғалыс аппараты, жүйке жүйесі, қан тамыры аурулары сияқты дерттермен келетіндер көп. Дегенмен, басым бағыт тірек-қозғалыс аппараты мен жүрек-қан тамыры жүйесі саналады. Қазіргі уақытта біз емдеудің жаңа түрін енгізіп жатырмыз. Ол – Нафталанмен емдеу. Бұл мұнай өнімі және бұрындары Қазақстанда қолданылған емес. Әзербайжаннан әкелінген Нафталанмен емдеуді «Оқжетпес» ең бірінші болып қолға алды.

Нафталан – мұнайдан жасалған күшті дәрі. 70-тен астам ауруға ем бұл дәріні адамдар 12 ғасырдан бері емдік бағытта қолданып келеді. Ол қанның тұтқырлығын төмендетеді, иммунитетті көтереді. Өкпенің жұмысын жақсартады. Ағзадағы қабыну процестерін тоқтатады.

Анальгетикалық әсері бар. Буын, тірек-қозғалыс жүйесіне әсері мол. Экзема, псориаз сияқты әлемде кездесетін кез келген дерматит ауруларын емдейді. Әзербайжан кеңес заманынан-ақ осы Нафталанмен емдеу жүйесін жолға қойған. Қазақстан азаматтары дәл осы емді алу үшін сол елге баратын. Ал шипажай Нафталанмен емдеуді осыдан жарты жыл бұрын қолға алдық. Күн сайын емшараға сұраныс артуда.

«Оқжетпес» брендіне кіретін шипжайлар желісі биылдан бастап емдеу-сауықтыру шараларына қазақы емді де қосты

Кешенде қазіргі заманғы емдеу-диагностикалық базамен толықтырылған табиғи бірегей факторлар: қарағай орманының экологиялық таза ауасы, Балпаш сор көлінің емдік балшығы және Май Балық көлінің минералды суы, радонды терапия, «Құлагер — Арасан» минералды суы жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу мүшелері, тірек-қимыл аппараты, асқорыту, қан айналымы және жүйке жүйесі ауруларын, урологиялық және гинекологиялық ауруларды емдеуге және оңалтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, келушілер арасында бұғы мүйізінен алынатын панта терапиясына сұраныс жоғары. Жалпы әлемде бұғының мүйізі мен қаны емдік мақсатта кеңінен қолданылады. Сол пантотерапияның арқасында иммунитет жақсарып, дененің әртүрлі инфекцияларға төзімділігі артады.

Мұнда қазақ мәдениетін, дәстүрлерін қызметке, тамақ мәзіріне, бөлмелерді нақыштауға пайдаланған. Көл жағасында, орман ішімен серуендейтін жаяу жүргіншілер сүр­леуі бар. Сол жолмен жүрген демалушылар 100 метр сайын орнатылған әр тақтайшалардан «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» лиро-эпостық жырының үзінділерін оқып немесе аудио нұсқасын да тыңдай алады. Сондай-ақ, тамақ мәзіріне де қымыз, бауырсақ, жент секілді денсаулыққа пайдалы ұлттық тағамдар қосылған.

Сонымен бірге келушілер киіз үйдің шипалы ауасымен тыныстап, тәтті, сырлы сарынды қазақ күйлерін тыңдап санасын сергітіп, рахаттанып демалады. Бұдан бөлек арнайы дайындалған алаңда садақ атып, қазақтың жауынгерлік рухын сезініп, серпіліп, сергиді. Осылардың барлығы біздің ем алушылардың, әсіресе шетелдік қонақтардың ерекше ықыласын оятып, қызғушылығын тудырды. Біз осылайша алыс-жақынан келген қонақтарымызға халқымыздың салт-дәстүрін, болмысын насихаттай отырып, денсаулықтарының да оңалуына көмектеседі.

Брондау Онлайн төлем Оператор