Skip to content
Главная страница » «Оқжетпес» шипажайының 60 жылдығына арналған деректі фильм шықты

«Оқжетпес» шипажайының 60 жылдығына арналған деректі фильм шықты

Баспасөз бөлімі «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің 60 жылдық мерейтойына орай, шипажайдың тарихына, дамуына және ПІБ МО сауықтыру жүйесіндегі маңыздылығына арналған деректі фильмнің түсірілімін және монтажын толық аяқтады. Деректі фильм ресми YouTube арнасында жарияланып, барша көрерменге қолжетімді болды.

Фильмді түсіру жұмыстары кешеннің баспасөз қызметі мен кәсіби операторлар, режиссерлер және телеиндустрия мамандарының бірлесуімен жүргізілді. Жоба барысында архивтік деректер жиналып, шипажай ардагерлері мен қызметкерлерінен сұхбат алынып, Бурабайдың табиғаты мен ерекше нысандары түсірілді.

Деректі фильм «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің қалыптасу кезеңдерін, медициналық туризмді дамытудағы үлесін, қазіргі жетістіктерін және болашақ даму бағыттарын кеңінен көрсетеді. Сонымен қатар кешеннің тарихи сабақтастығын, емдеу дәстүрлерін және көп жылдық тәжірибеге негізделген бірегей сауықтыру философиясын сақтауға ерекше көңіл бөлінген.

Баршаңызды кешен тарихына үңіліп, «Оқжетпестің» 60 жылдық жолын тамашалауға шақырамыз. Деректі фильмді ресми YouTube арнамыздан көре аласыздар.

Сілтеме: http://youtu.be/rwN8TIwueaM?si=lTUsWAz_jo7H1et3

Leave a Reply