«МЦ УДП РК» емдік-сауықтыру және санаторлық ұйымдарында бекітілген контингентке арналған санаторлық-курорттық емдеу және медициналық қалпына келтіруді ұйымдастыру ережелерінен» (әрі қарай – Ережелер), «УДП РК» басшысының 2023 жылғы 2 қазан №111 бұйрығымен бекітілгенін ескере отырып, АО «ЛОК «Оқжетпес» санаторийінде санаторлық-курорттық емдеу және қалпына келтіруді өту тәртібі туралы хабарлаймыз:
▪️ Ережелердің 5-бабының 29-тармағына сәйкес, 3 жасқа толмаған балалардың тұруына жол берілмейді.
Сонымен қатар, 3 жастан бастап балалар мен бірге жүретін тұлғалардың тұру ақысы қонақ таңдаған төсектің немесе номердің құны бойынша, қолданыстағы баға тізімі мен Санаторийдің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес төленеді.
▪️ Ережелердің 6-бабының 35-тармағына сәйкес, жүктіліктің 20 аптасына дейінгі кезеңінде және босанғаннан кейінгі 2 айға дейінгі әйелдерге арналған санаторлық-курорттық емдеу және медициналық қалпына келтірудің көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері дәрігерлік-консультативтік комиссияның (ДКК) шешім хаттамасына негізделеді.
▪️ Ережелердің 7-бабының 36-тармағына сәйкес, санаторлық-курорттық емдеу және медициналық қалпына келтіру алуға арналған жалпы және медициналық қарсы көрсеткіштердің тізімі:
-
кез келген аурудың өткір сатысы;
-
өткір инфекциялық аурулар;
-
стационарлық емдеуді немесе хирургиялық араласуды қажет ететін пациенттер және басқалар.
Көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштердің толық тізімімен санаторийдің емдік-сауықтыру кешенінде танысуға немесе кадрлық қызметтерден, учаскелік дәрігерден және брондау бөлімінің менеджер-консультантынан кеңес алуға болады.