Сіздерді Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Оқжетпес» ЕСК АҚ-ның біріккен санаторийлері атынан қарсы аламын!

2017 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының емдеу-сауықтыру кешендері «Оқжетпес» бренді аясында біртұтас желіге біріктірілді. Оның құрамына Бурабай курорттық аймағындағы «Оқжетпес», Алматы қаласындағы «Almaty Resort» және Ресей Федерациясы, Ессентуки курорттық қаласындағы «Қазақстан» санаторийі кірді. Бұл қайта ұйымдастырудың мақсаты – Медициналық орталық жүйесінде заманауи әрі жоғары тиімді емдеу-сауықтыру ұйымдары желісін құру, олар арқылы бекітілген контингенттің, Қазақстан Республикасы азаматтарының және шетелдік қонақтардың медициналық оңалту мен санаторий-курорттық көмекке деген қажеттілігін кең көлемде қамтамасыз ету.
Әрбір санаторий бай табиғаты бар әсем өңірде орналасқан, көпжылдық тарихы мен сауықтыру демалысындағы мол тәжірибесі бар. Емдеу-сауықтыру кешендерінің желісіне жалпы сыйымдылығы 583 төсек-орындық үш санаторий кіреді.
2017 жылғы қазанда үш санаторийдің өкілдігі Астана қаласында ашылды.
Сапалы демалыс, емдеу, бағалар және тұру ережелері туралы барлық қажетті ақпаратты біздің сайт пен әлеуметтік желілерден ала аласыз. Келіп түскен барлық сұрақтарға «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің жетекші мамандары жауап береді.
2024 жылы президенттің, вице-президенттердің және бас тәлімгердің қабылдау кестесі
№ п/п | АЖТ | лауазымы | қабылдау күндері мен уақыты |
1 | Стерлигов Яков Васильевич | Президент | Среда15.00 ч.– 17.00 ч. |
2 | Кусаинова Лаура Максатовна | Вице-президент по лечебно-реабилитационной работе – главный наставник | Вторник15.00 ч. – 17.00 ч. |
3 | Есенгазы Ринат Омырзакулы | Вице-президент по финансам | Четверг15.00 ч.– 17.00 ч. |
4 | Баржаксымов Бирлик Кадырбекович | Вице-президент по общим вопросам | Четверг15.00 ч.– 17.00 ч. |