2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында ПІБ Медициналық орталығының «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені акционерлік қоғамына қарасты санаторийлерде 21 мыңнан астам адам емдік-сауықтыру шараларынан өтті.
«Оқжетпес» АҚ құрамына үш ірі санаторийлік-курорттық мекеме кіреді:
- Бурабайдағы «Оқжетпес» шипажайы – 9 720 адам;
- Алматы қаласындағы «Almaty Resort» филиалы –9174 адам емдік процедуралар қабылдады;
- Ессентуки қаласындағы (Ресей) «Қазақстан» санаторийі – 3 088 адам емделді.
Бұл сауықтыру орындарында заманауи физиотерапия, климатпен емдеу, минералды бұлақтар секілді әдістерді қолдана отырып, әр адамға жеке бағдарлама жасалады.
Шипажайлардағы ең сұранысқа ие бағыттар:
– Жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесі аурулары
– Жүйке және тірек-қимыл жүйесін оңалту
– COVID-19-дан кейінгі және күйзелістен кейінгі қалпына келу
– Созылмалы аурулардың алдын алу, иммунитетті нығайту
– Anti-age, detox және әйелдер денсаулығына арналған арнайы бағдарламалар.
Барлық емедеу-сауықтыру кешендері жоғары медициналық стандарттарға сай жұмыс істеп, кешенді және сапалы сауықтыруға бағытталған.
