with the terms of the booking rules agree

Тұз үңгірлерінің емдік қасиеттерін  ғалымдар ғасырлар бұрын байқаған. Өткен ғасыр дәрігерлері тұз үңгірлерінің ерекше қасиеті онда қалыптасқан арнайы микроклиматпен байланысты екенін болжады. Тұз үңгірлерінің емдік климаты ондағы тұрақты температура мен атмосфералық қысымның, белгілі бір ылғалдылық деңгейі мен көп мөлшердегі тұздың ұсақ бөлшектерінің және ауадағы теріс иондардың әсерінен қалыптасады.

Содан бері жүздеген жылдар бойы адамдар емдік тұз үңгірлерінің терапевтік әсерін географияның кез келген нүктесінде қолдану үшін оның микроклиматын жасанды түрде қайта жасауға тырысты. Бұл мақсатқа жету өткен ғасырда ғана мүмкін болды.  Сол кезде медицинада жаңа бағыт – галотерапия пайда болды. Галотерапия тұз бөлмелерінде жүргізіледі. Бұл бөлмелердің іші толығымен тұз блоктарынан тұрады, оларға галокамераға тұзды аэрозоль бүркіп тұратын, галогенаторлар деп аталатын арнайы құрылғылар орнатылған.Тұзды аэрозольдің қабынуға қарсы әсері бар, денеден аллергия туғызатын заттарды, патологиялық микроорганизмдерді және микрофлораларды шығарады шырышты сөлді сұйылтады, иммунитетті арттырады, жүйке жүйесін тыныштандырады. Сонымен қатар, бөлмедегі атмосфера адам денесінің толық босаңсуына мүмкіндік береді. Сондықтан Бурабайдағы «Оқжетпес» ЕСК-нің тұз бөлмесі ыңғайлы арқалы орындықтармен, жұмсақ жарықпен және баяу музыкамен жабдықталған.

Галотерапия кімдерге пайдалы

Галотерапияны толыққанды емдеу және күрделі терапияның көмекші процедурасы ретінде қолдануға болады. Өз бетінше және толық емдеу ретінде аллергия, мұрын қуысының қабынуы, өкпе қабынуы, бронх қабынуы және бронх демікпесі үшін тұз бөлмесіне бару ұсынылады. Кешендегі көмекші процедура ретінде – жүйкенің тозуы, жоғары қан қысымы, буын аурулары, тері аурулары, құяң кезінде қолданылады.Тұз бөлмесінің мүлдем зияны жоқ, сондықтан емшараны тіпті жүкті әйелдер мен кішкентай балалар да вирустық инфекциялардың алдын алу үшін алуға болады. Бурабайдағы «Оқжетпес» ЕСК-де тұз бөлмесінде әртүрлі ойыншықтары бар балаларға арналған бөлме бар, ол балалардың емшарада ұзақ отырып емделуі үшін ұйымдастырылған. Жүктілік кезінде галотерапия жерікті жеңілдетуге көмектеседі.Галотерапияның ең жиі тағайындалатын курсы – күніне немесе күнара 10-25 емшара. Емшараны дәрігер санаториялық-курорттық картамен танысқаннан кейін тағайындайды.

Тұз бөлмелерінде емделудің артықшылықтары:

  • экологиялық таза;
  • табиғи;
  • жоғары тиімділік;
  • қарсы көрсеткіштер мен жағымсыз әсерлердің болмауы;
  • емдеудің басқа әдістерімен оңай үйлеседі;
  • күшті иммун көтеретін әсері бар;
  • емшараны алудың қолайлылығы;
  • босаңсыту әсері.

Бурабайдағы Оқжетпес ЕСК-нің тұз бөлмесінен барынша тиімді әсер алу үшін оның ерекше ережелерін ұстану қажет. Ережелермен  емшара алдында таныса аласыз немесе дәрігерден кеңес алуыңызға болады.

Назар аударыңыз! Галотерапияның бірінші сеансы тыныс алу жолдарының аурулары бар адамдарда асқыну тудыруы мүмкін, сондықтан емшараны дәрігерлердің бақылауымен алған жөн. Бірнеше сеанстардан кейін жеңілдік пайда болады, әл-ауқатыңыз жақсарып, ауруыңыздан айығасыз.

Қосымша ақпарат алу үшін:

+7 (71636) 78-101

+7 702 059 20 20

Booking Online payment

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/ao-oqjetpes.kz/okzhetpes-burabay.kz/wp-content/themes/okzhetpes/footer.php on line 36