with the terms of the booking rules agree

Жүзу адам ағзасында керемет сезімдер туғызады. Төменде жүзу арқылы демалудың пайдасы туралы бірнеше деректер келтірілген. «Оқжетпес» ЕСК-де төрт жолды жүзу хауызы бар.
Ұзындығы – 25 м.
Ені – 12 м.
Тереңдігі – 1,7 м.

Жұмыс кестесі:
Сейсенбіден бастап жексенбі бойынша 08:00-ден 20:30-ға дейін
Түскі үзіліс 14:00 – 15:00.
Дүйсенбі – санитарлық күн.
3 жасқа дейінгі балаларға хауызға кіруге тыйым салынады.
16 жасқа дейінгі балаларға хауызға ата-аналарының қарауымен ғана кіру рұқсат етіледі.

Су емшараларымен айналысу қажетігінің 8 дәлелді себебі

Аз уақыт айналысу кезіндегі үлкен нәтижелер

Жүзу — бұл буындар мен сүйектерге артық күш түсірмей дене шынықтырумен айналысудың тамаша мүмкіндігі. Хауызда адам денесі едәуір жеңілдейді. Егер сіз белге дейін суға түссеңіз денеңіз 2 есеге жеңілдейді. Ал, иыққа немесе мойынға дейін терең түскен кезінде сіз дене салмағыңыздың тек 10% ғана сезінесіз, қалған 90% су көтереді. Осыдан шығатын қорытынды – хауыз спорттық жаттығулар үшін, әсіресе артрит немесе артық салмақты адамдар үшін таптырмас орта.

Бұлшық ет тонусын жақсарту

Жүзудің бұлшық ет тонусын нығайтуға және оны мықты етуге көмегі зор. Әсіресе басқа дене шынықтырулармен салыстырғанда. Мысалы, қарапайым жүгіру кезінде жүгірушінің денесіне жалғыз қарсылық – тығыздығы төмен ауа.  Судың тығыздығы 12 есе жоғары және кез келген қимыл үлкен күшті қажет етеді, сондықтан жаттығу мейлінше тиімді болып табылады.

Бұдан басқа, жүзу әйел үшін ерекше бағалы, ол етеккірден кейін әлсізденетін сүйектерді нығайтады.

Икемділік

Жүзу кезінде буындар мен сіңір байламдары үнемі жұмыс істейді: қолды айналмалы қимылдату иық буындарын, ал аяқпен созылыңқы қозғалыс тізені және жамбас буындарын жаттықтырады. Бұдан басқа, жүзудің омыртқа жотасына пайдасы зор: жүзу кезінде омыртқалар созылып, жылжып кеткендері орнына келеді, олардың қозғалғыштығы мен икемділігі жақсарады.

Сау жүрек

Пресс и трицепстен басқа, ағзадағы ең маңызды бұлшық ет жүректі өте жақсы шынықтырады. Бассейнде жаттығу кезінде түсетін күш жүректі нығайтады және оның маңызды қызметі – қанды айдай отырып үздіксіз жиырылуына көмектеседі. Бұл қанның денедегі айналысын жақсартады. Бұдан басқа, зерттеулер көрсеткендей, жүзу көбіне жүрек-тамыр ауруларына әкелетін ішкі қабыну үрдістерімен күресуге көмектеседі. Бұған қоса, жүзу әйелдер арасында жүректің қан тамыр ауруының қатерін 30-40%-ға азайтады.

Салмақты бақылау

Жүзу спорттың ең көп қуат жұмсалатын түрі  болып танылғандықтан, оны өз салмағын көңіл бөлетін және енді бақылауға алған адамдарға ұсынылады. Осылайша, мысалы, 10 минуттық брасс ішінде орташа 60 калориядан, арқамен жүзу арқылы 80-ге дейін, фристайл арқылы 100, ал баттерфляй арқылы тіпті 150 калориядан сондай уақытта арылуға болады. Артығырақ айтсақ, аптасына үш рет 30 минуттан жүзу ер адамдардың II типті қант диабеті ауруын 10%-ға төмендетеді. Әйелдер арасында өткізілген ғылыми зерттеулер одан да керемет нәтижелерді көрсетті: осы аурудың қатерін 16%-ға төмендету үшін нәзік жандыларға 5-7 күнде жарты сағаттық бір жаттығу жасаса жеткілікті.

Демікпемен күрес

Бассейндегі оңтайлы ылғалдылық жүзуді демікпемен ауыратындар үшін қолайлы етеді, сонымен бірге болашақтағы демікпе ұстамасын жеңуге көмектеседі. Ғалымдар жүргізген зерттеулер 6 айлық жаттығудан кейін демікпемен зардап шегетін балалардың көмек сұрауы әлдеқайда сирек болатындығын дәлелдеді. Олардың көпшілігін ұзақ уақыт бойы – бір жыл немесе одан көп демікпе ұстамасы мазаламаған. Тыныс алу жүйесінің ауруларынан зардап шекпесеңіз де, жүзудің өкпе көлемін арттыруға және дұрыс тыныс алуға үйренуге көмектесетінін білгеніңіз жөн.

Холестериннің деңгейін төмендету

Таң қаларлығы, ағзаның жағдайы холестеринге,  дәлірек айтқанда оның қандағы құрамына тікелей байланысты: «пайдалы» холестериннің деңгейі (ЖТЛП) төмен болған сайын, «зиянды» холестериннің» (ТТЛП) деңгейі жоғары болады және адам  өзін қолайсыз сезінеді. Жүзу қандағы липопротеиндердің қалыпты теңгерімін ұстап тұруға көмектеседі және қан мен лимфа тамырларының жағдайын жақсартады.

Мидың қызметін жақсарту және күйзеліс деңгейін төмендету

Бұл – біздің жан дүниеміздегі көңіл-күйді тікелей реттейтін «қуаныш гармоны» эндорфиндердің жоғары деңгейде бөлінуіне байланысты жүзудің тағы бір пайдасы. Бұдан басқа, жүзудің йога тәрізді босаңсыту әсері бар.  Бұл әсер бұлшық еттер мен буындардың созылу үйлесімділігі, сондай-ақ дұрыс тыныс алу техникасы арқылы туындайды. Жүзу медитацияға ұқсас, өйткені судың дыбысы тыныштандырады және миды жағымсыз ойлардан тазартады, зейінді жақсартады. Бұдан басқа, жүзу кезінде ағзада үнемі күйзелістің әсерінен жойылған жүйке жасушаларының   нейрогенезисі (жаңа нейрондардың түзілуі) белсенді жүреді. Бассейнде жүзу денсаулыққа байланысты көптеген мәселелерді шешеді және сізге сымбатты келбетке келтіреді.

Booking Online payment

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/ao-oqjetpes.kz/okzhetpes-burabay.kz/wp-content/themes/okzhetpes/footer.php on line 36