Skip to content
Главная страница » Қазақстан шипажайлары Health Resort by Qazwell брендімен жаңа форматта дамиды

Қазақстан шипажайлары Health Resort by Qazwell брендімен жаңа форматта дамиды

Қазақстанда шипажай-курорт саласын жаңғыртуға бағытталған жаңа кезең басталды. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы қарасты санаторийлер енді Health Resort by Qazwell атты бірыңғай бренд аясында жұмыс істейді. Бұл бастама ұлттық бренд архитектурасын қалыптастыру және сауықтыру туризмін жаңа деңгейге көтеру мақсатында қолғаалынды.

Желіге берілген Qazwell атауы «Қазақстан – денсаулықтың қайнар көзі» деген тұжырымдаманы білдіреді. Бренд елдің табиғи мүмкіндіктерін, шипалы бұлақтарын, таза ауасын және дәстүрліемдік тәжірибесін заманауи медициналық мүмкіндіктермен ұштастыру идеясын негізге алады.


Ал Health Resort («Сауықтыру курорты») дескрипторы шипажайлардың медициналық бағыттағы қызметін, профилактикаға басымдық беретінін және ағзаны кешенді түрде қалпына келтіруге бағытталған бағдарламаларды айқындайды.


Шипажайларда жаңа кезең


Жаңа брендке көшу шипажайлардың қызметін жан-жақты талдау нәтижесінде жүзеге асырылды. Сарапшылар емдік және профилактикалық бағдарламаларды халықаралық wellness-индустриясының талаптарымен салыстыра отырып зерттеген. Талдау нәтижелері «Оқжетпес» емдеу-сауықтырукешені желісіндегі шипажайлардың мүмкіндігі халықаралық Health Resort санатына сәйкескелетінін көрсетті. Мұнда кардиологиялық, тыныс алу жүйесіне арналған бағдарламалар, detox курстары, медициналық диагностика, оңалту шаралары, сондай-ақ wellness және SPA қызметтері ұсынылады.


Бірыңғай сауықтыру курорттары желісі


Health Resort by Qazwell жүйесіне бірнеше ірі шипажай кіреді. Олардың қатарында:
• «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені (Бурабай);
• Almaty Resort шипажайы (Алматы);
• «Қазақстан» санаторийі (Ессентуки);
• «Қазақстан» санаторийі (Қырғызстан).
Бұл нысандар біртұтас стратегия аясында дамып, профилактика, оңалту және денсаулықты нығайту бағытындағы кешенді қызметтерді ұсынады.
Жаңа бастамаға қатысты пікір білдірген желі президенті Яков Стерлигов бұл жобаның саланыңдамуы үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті.
«Қазіргі таңда адамдар денсаулығын сақтау меналдын алу шараларына көбірек мән бере бастады. Qazwell бренді Қазақстанның табиғимүмкіндіктерін заманауи медициналықтехнологиялармен біріктіріп, отандық курорттардыхалықаралық деңгейде танытуға мүмкіндік береді», – деді ол.


Қазақстанның сауықтыру туризміндегі мүмкіндігі


Мамандардың пікірінше, табиғи ресурстардың молдығы, қолайлы климат пен медициналық инфрақұрылымның дамуы Қазақстанды сауықтыру туризмі үшін тартымды бағыттардың біріне айналдыруға мүмкіндік береді.
Ал Health Resort by Qazwell бренді осы әлеуетті жүйелі түрде дамытып, елдің шипажайларын халықаралық деңгейдегі сауықтыру орталықтары ретінде танытуға жол ашады.

Leave a Reply