«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» акционерлік қоғамының «Алматы» филиалы Сіздерді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында жаңа Салық кодексі күшіне енетінін хабарлайды. Жаңа Салық кодексіне сәйкес, медициналық ұйымдар көрсететін ақылы қызметтер бойынша айналымдар, сондай-ақ өзге де кәсіпкерлік қызмет түрлері қосылған құн салығымен (ҚҚС) салық салуға жатады.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы жаңа нормаларға сәйкес:
1) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап медикаменттер мен медициналық қызметтер бойынша ҚҚС ставкасы – 5%;
2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап медикаменттер мен медициналық қызметтер бойынша ҚҚС ставкасы – 10%;
3) ҚҚС-тан тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК), міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде көрсетілетін тауарлар мен қызметтер, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу бойынша қызметтер босатылады.
ҚР салық заңнамасын сақтау мақсатында, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеңілдікті қызмет түрлеріне жатпайтын қызметтердің, жалға беру мен өзге де ынтымақтастық түрлерінің құны 5% мөлшерлеме бойынша ҚҚС-қа салынатын болады.
Осы ақпаратты 2026 жылға төлемдерді жоспарлау барысында ескерулеріңізді сұраймыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда +7 705 251 22 32 телефоны арқылы хабарласа аласыз.
Түсіністік танытып, ынтымақтастықты жалғастырғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
Құрметпен,
«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ
«Алматы» филиалы
