Skip to content
Главная страница » 9 айда «Оқжетпес» шипажай желісінде 21 мыңнан астам адам денсаулығын нығайтты

9 айда «Оқжетпес» шипажай желісінде 21 мыңнан астам адам денсаулығын нығайтты

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында ПІБ Медициналық орталығының «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені акционерлік қоғамына қарасты санаторийлерде 21 мыңнан астам адам емдік-сауықтыру шараларынан өтті.

«Оқжетпес» АҚ құрамына үш ірі санаторийлік-курорттық мекеме кіреді:

  • Бурабайдағы «Оқжетпес» шипажайы – 9 720 адам;
  • Алматы қаласындағы «Almaty Resort» филиалы –9174 адам емдік процедуралар қабылдады;
  • Ессентуки қаласындағы (Ресей) «Қазақстан» санаторийі – 3 088 адам емделді.

Бұл сауықтыру орындарында заманауи физиотерапия, климатпен емдеу, минералды бұлақтар секілді әдістерді қолдана отырып, әр адамға жеке бағдарлама жасалады.

Шипажайлардағы ең сұранысқа ие бағыттар:

– Жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесі аурулары

– Жүйке және тірек-қимыл жүйесін оңалту

– COVID-19-дан кейінгі және күйзелістен кейінгі қалпына келу

– Созылмалы аурулардың алдын алу, иммунитетті нығайту

– Anti-age, detox және әйелдер денсаулығына арналған арнайы бағдарламалар.

Барлық емедеу-сауықтыру кешендері жоғары медициналық стандарттарға сай жұмыс істеп, кешенді және сапалы сауықтыруға бағытталған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *