Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

«ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕР» БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«Үздік қызметкер» байқауы ағымдағы жылдың 2 желтоқсанында кинозалда қызметкерлер мен демалушылардың қатысуымен өтті.
«Үздік қызметкер» байқауына қатысу үшін 4 өтінім берілді. Олар Нұрова Зиягүл – медбике, Ералина Динара – спорт нұсқаушысы, Аймахан Гүлнұр –event менеджер, Батина Эльмира – нөмір жинаушы.
Байқаудың қорытындысы ашық дауыс беру жолымен, 5 балдық жүйе бойынша жүргізілді. Комиссия мүшелері, әділ қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың алған ұпайларын есептеп, қорытынды шығарды.
Конкурстың жеңімпазы – «Үздік қызметкер» атанған спорт нұсқаушысы Ералина Динара, оған диплом және 60 000 теңгеге ақшалай сертификат табыс етілді. Конкурсқа белсенді қатысқаны үшін және алынған ұпайларға сәйкес екінші орынның иегері event менеджер Аймахан Гүлнұр болды, оған 20 000 теңге көлемінде ақшалай сертификат табыс етілді, сондай-ақ алынған балдың қорытындысы бойынша 3 және 4 орындарға медбике Зиягүл Нурова мен нөмір жинаушы Батина Эльмира сайысқа қатысқаны үшін грамоталар мен 10 000 теңгеден ақшалай сертификаттар табыс етілді.

Брондау Онлайн төлем Оператор