Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Стоун-терапия

Оқжетпес» ЕСК» АҚ-ның стоун-терапиясынан рахат алыңыз.

Ыстық тастар – бұл жылы вулкандық тастармен жасалатын кешенді массаж.

Бет пен денеге арналған жалпы сауықтыру және үйлесімділік емшарасы.

Денені толықтай босаңсытудың құпия рәсімі. Дененің әрбір жасушасы тастар мен минералдардың жылы энергиясынан қуат алады.

Жер қабатынанпайда болып, су, күн және желмен жылтыратылған, тастар табиғи және ғарыш энергиясының көзі болып табылады. Тастардағы ерекше энергия күйзеліс пен шаршағанды жояды, теріс энергияны бейтараптайды.

«Окжетпесес» ЕСК» АҚ Сіздерді рахаттану әлеміне шақырады!

Тас терапиясы арқылы неге қол жеткізуге болады?

  • Шеткі және орталық жүйке жүйесіне пайдалы әсер (терең релаксациядан кейін бас аурулары азаяды, иммунитет жоғарылайды, күйзеліске сезімталдық азаяды).
  • Бұлшықет әлсіздігін жойылады және бұлшық ет тонусын жоғарылайды.
  • Денедегі зат алмасу үрдістері күшейеді (май тез қорытылады, қартаю баяулайды). Тері өңі мен серпімділігі артады, тері тазарады және лас заттар шығады.

Ыстық тастармен күтінудің артықшылықтары:

  • Тас терапиясы терең релаксацияға, ішкі күйді үйлестіруге, осылайша шаршау мен күйзелісті жеңілдетуге ықпал етеді.
  • Жылудың әсерінен қан айналымы мен зат алмасу артады және жақсарады. Дененің жасушаларына оттегі және қажетті қоректік заттар келеді.
  • Тас салмағы және жұмсақ тіндерді қолмен уқалау лимфа айналымын күшейтеді, ыдырау мен зат алмасу өнімдері тез шығарылады, ағза улы заттардан тазарады.
  • Бұл күтім салауатты және белсенді өмір салтының бір бөлігі бола отырып, иммундық жүйені және бұлшықетті нығайтуға көмектеседі.
  • Қабынуды азайтуға болады, оңалту үдерістері жеделдетіледі. Жылулық арқасында бұлшықет ауыруы азаяды. Тас терапиясы эндорфинді өндіруге ықпал етеді.

Тас терапиясының көмегімен мына аурулардан құтылуға болады:

  • Буындардағы ауырсыну, бұлшықеттің жоғары тонусы, арқадағы және мойындағы ауырсыну;
  • Анорексия және булемия;
  • Күйзеліс, мазасыздық және қозу;
  • Асқорыту және іш қату аурулары;
  • Күйзеліс және көңіл-күй өзгерістері;
  • Шаршау;
  • Денеде сұйықтықтың тұрып қалуы;
  • Бас аурулары;
  • Ұйқысыздық.

Қосымша толықтай ақпаратты мына ресми сайттан ала аласыздар: www.okzhetpes-burabay.kz және мына телефон арқылы +7 (71636)78 – 101, +7 702 059 20 20.

Брондау Онлайн төлем Оператор