Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Қонақтарымыз біз туралы

«Міне, менің «Оқжетпес» шипажайындағы демалысым аяқталды. Ұйымның барлық қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіремін!

Емдеу блогының медицина қызметкерлеріне, дәрігер Г.К. Азбаеваға, «Шарко» душ кабинетінің мейірбикесі – Күлия Сүлейменоваға, сумен емдеу емшарасындағы – Айгүл Әлімбетоваға, массаж кабинетіндегі – Жазираға кәсібилігі мен игілікті еңбегі үшін шын жүректен алғысымды білдіремін!

Мейрамхана аспаздарына дәмді тағамдары үшін, даяшыларға жеделдігі мен нақты жұмысы үшін алғысымды білдіремін!

Сондай-ақ, супервайзерлерге тазалық пен жайлылық, бассейн қызметкерлеріне демалушыларға ықыласты қарым-қатынасы үшін алғыс айтамын.

Әсіресе, демалушылардың өтініштеріне жедел жауап бергені үшін Instagram парақшасының әкімшісіне алғысымды білдіремін!

Сіздерге шын жүректен денсаулық,бақыт және амандық тілеймін! Құрметпен, демалушы Бағжан Мұхаметбек!»

Кері байланыс үшін көп рақмет! Сізді тағы да сауықтыру-демалысында күтеміз!

Брондау Онлайн төлем Оператор