Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

«оқжетпес» шипажайы несімен ерекше?

Ең бірінші – Қазақстанның інжу-маржаны Бурабайдың жүрегінде, Щучье-Бурабай курорттық аймағының ең әдемі көлінің жағасында орналасуы.

Радонды терапия. Меншікті бұлақтың радонды суын пайдалану арқылы жаңа медициналық қызмет көрсетуімен;

173 демалушыға арналған нөмірлік қоры бар. Жыл бойы жұмыс істейді, бұл дегеніміз, сіздің бізбен бірге сауықтыру демалысын өткізуіңіз үшін 365 күніңіз бар!

Физиотерапевтік кабинеттер, балшықпен емдеу, урологиялық, стоматологиялық, массаж және емшара кабинеттері бар;

Әр терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік беретін қуатты аспаптық негізге ие;

Мониторингтің ең маңызды әдістері – ультрадыбыстық, функционалды, электрокардиографиялық, зертханалық диагностиканы ұсынады;

Онымен қоса, «Оқжетпес» шипажайы Еуропалық стандарттарға сәйкес, жоғары сапалы қызмет көрсетуге ұмтылысы үшін «Еуропалық сапаға лайықты» халықаралық марапатына ие болған.

Сіздерді «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде күтеміз!

Брондау Онлайн төлем Оператор