Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Негізгі короновирустық инфекцияның белгілері

Әлем бойынша короновирусты инфекцияның таралуына байланысты біз Сіздерді инфекцияның алдын алу шараларына ерекше назар аударуларыңызды сұраймыз.

  • Қолыңызды жиі сабынмен жуыңыз, антисептикалық құралдарды қолданыңыз;
  • Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеуге тырысыңыз;
  • Адам көп жиналатын жерлерде бірреттік медициналық масқаларды киіңіз;
  • Түшкіру немесе жөтелу кезінде аузыңыз бен мұрныңызды сүрткімен/шынтақпен жабыңыз (сүрткіні қоқыс контейнеріне бірден лақтырыңыз);
  • Азық-түлік қауіпсіздігі қағидаларын сақтаңыз (шикі және дайын тағамдарды бөліп/жеке ұстаңыз, жануартекті өнімдерді мұқият термиялық өңдеуден өткізіңіз);
  • Адамдар жаппай жиналатын жерлерге барудан аулақ болыңыз;
  • Тыныс алу жолдарының инфекциясы белгілері бар адамдармен мүмкіндігінше байланыс орнатпаңыз (арақашықтық 1 метрден жақын болмасын);
  • Шетелге, әсіресе короновирустық инфекция бойынша қолайсыз елдерге бармаңыз;
  • Егер Сіз осындай елдердің бірінен келген болсаңыз, Сізді бұдан әрі медициналық бақылауға алу үшін тұрғылықты жеріңіздегі дәрігерге жүгінуіңіз қажет.

Коронавирустық инфекцияның негізгі белгілері:

  • Тыныс тарылу;
  • Демігу;
  • Жоғары температура, 38С және одан жоғары;
  • Жөтел, тамақтың ауруы.

Білу маңызды! Инфекцияның симптомсыз ағымы болуы мүмкін. Жиі симптомдар жалпы суық тиюге / тұмауға ұқсас болады

Егер Сіз өзіңізде тән белгілері байқасаңыз, үйде болыңыз және шұғыл турде медициналық көмекке жүгініңіз

Денсаулығыңызға қамқорлықпен, “Оқжетпес” ЕСК!

Брондау Онлайн төлем Оператор