Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

«Құлагер-Арасан» минералды ауыз суы

«Оқжетпес» шипажайының негізгі емдік факторы – климатотерапия. Сондықтан біздің қонақтар емдеу-сауықтыру кешенінде медициналық қызметтермен бірге табиғи емдік қасиеті бар емшараларды қатар қабылдайды. Мысалы: өзінің емдік қасиеттері бойынша қайталанбайтын «Май-балық» көлінің минералды суы, Балпаш-Сор көлінің балшығы, меншікті радон көзі, оның ішінде ауыз су, панталы емшаралар.

Бүгін солардың бірі «Құлагер-Арасан» минералды суына тоқталғымыз келеді. Келушілерге берілетін «Құлагер -Арасан» минералды суы жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу мүшелері, тірек-қимыл аппараты, қан айналымы, эндокринді және жүйке жүйесі ауруларын, урологиялық, гинекологиялық ауруларды емдеуге және оңалтуға, асқазан органдарын емдеуге, сондай-ақ ауыр металдар және фосформен уланғанда, зат алмасудың бұзылуы кезінде емделуге көмектеседі. Минералды су тек ішуге ғана емес, сонымен қатар денеге де пайдасын тигізу үшін шомылуға, душ қабылдауға арналған.

Табиғи емшараларды біздің шипажайдан қабылдап, денсаулығыңызды нығайтыңыз!

Қосымша сұрақтарыңыз болса, +7 (71636) 78-101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша жауап алуға болады.

Брондау Онлайн төлем Оператор