Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін
Диагностика в Астане

«Оқжетпес» ЕСК емдеу-оңалту бөлімшесі

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ емдеу-оңалту бөлімшесінде мына дәрігерлер қабылдау жүргізеді:

  • Терапевт;
  • Отоларинголог;
  • Диетолог;
  • Гинеколог;
  • Ультрадыбыстық диагностика дәрігері;
  • Дәрігер-зертханашы.

Қажет болған жағдайда басқа мамандардың кеңесін ұйымдастыру мүмкіндігі бар.

Бөлімшенің мүмкіндіктері

Клиникалық-диагностикалық зертхана

Зертханада келесі зерттеулер жүргізіледі:

  • жалпы клиникалық;
  • гематологиялық;
  • биохимиялық.

Зертхана зәр талдау, қанның биохимиялық көрсеткіштерін, қанды толық әрі сапалы талдауды қамтамасыз ететін, 1-10 минут ішінде жылдам диагностика жүргізуге арналған бірегей жабдықпен жабдықталған. Сонымен бірге 1000 есе үлкейтіп көрсететін микроскоп, зәр талдағыш, гематологиялық аппарат бар.

Функционалдық диагностика кабинеті

Функционалдық диагностика бөлмесі спирографияға арналған тіреуіші бар 12 арналы электрокардиографпен (BTL-08 MTECG, Ресейде өндірілген) жабдықталған. Бұл жүйе егжей-тегжейлі талдауды дозиметрлік бақылауды, диагностиканы, сондай-ақ ЭКГ-ны жазуға арналған, қызметі кең ауқымды және пайдалануы қарапайым. Құрылғы аккумулятор батареяларымен жабдықталғандықтан қолайлы болып табылады. Кардиолог дәрігер жүректің соғу жылдамдығын немесе қан қысымын бақылау үшін Холтерлік мониторлау жүргізіп, қан қысымын күнделікті өлшейді (СМАД). Бұл сынақтар өте маңызды, себебі олар жүректің соғу жылдамдығын және артерия қысымын ұзақ уақыт бойы бақылауға мүмкіндік береді, емделуші құрылғыны киіп тұрған кезде басқа күнделікті дағдылы әрекеттерін орындай алады.

Гинекологиялық кабинет

Бұл кабинет ACRON (Англия) үлгісіндегі қашықтан басқару түймесі бар креслолармен жабдықталған.

УДЗ кабинеті

Іш қуысы мүшелерінің, жамбас мүшелерінің, қалқанша без, сүт бездерінің аурулары және т.б. ауруларды диагностикалауға арналған «ЛОДЖИК-5» құрылғысымен жабдықталған.

Урологиялық кабинет

«Андро Гин КАП- ЭЛМ -01» аппаратымен жабдықталған, емшаралар дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі.

Ішекті сулау кабинеті

Испанияда өндірілген, ішекті мониторлық тазалауға арналған «TRANSCOM NS-2000» аппаратымен жабдықталған.

Пневмопрессотерапия кабинеті (лимфа дренажы)

Кабинет BTL-6000 LYMPHASTIMEASY құрылғысымен жабдықталған, ол негізінен аяқ-қолдың лимфа ісіктерін емдеуге, сондай-ақ аяқ-қолдағы қан айналымын жақсартуға мүмкіндік береді. Құрылғы оқтын-оқтын қысу-емдеу қағидаты бойынша жұмыс істейді. Емдеу үшін аяқ-қолдар үрілген жеңдерге орналастырылады, жеңдер басқару блогымен реттелетін құбырлар жүйесі арқылы қысылған ауаға толтырып аяқ-қолға массаж жасайды. Әрбір жең алдын ала белгілі бір циклдерде толтырылған көптеген өзара байланысты ауа камераларынан тұрады. Лимфа дренажы лимфа жүйесіндегі лимфа ағысын белсендіреді, өтуі қиын жерлерде лимфаның өтуін жақсартады және зат алмасуын жылдамдатады. Лимфа жүйесінің арналары ағзадан бөлінетін өнімдердің ағып келуі мен қайта ағып шығуына жауап береді. Лимфа жүйесі адамның иммундық жүйесінде шешуші рөл атқарады.

Магнитті терапия кабинеті

Кабинет «АЛМА» магнитті терапия құрылғысымен жабдықталған, ол адамның барлық ағзасына бір мезгілде бір текті төменгі жиілікті, циклді-айналмалы магнитті өріспен әсер ету арқылы емдейді.

Жалпы магнитті терапия

Көрсеткіштері:

  • иммунның бұзылуы;
  • бас миының қан тамыр аурулары;
  • миға қан келмеу салдары;
  • жоғары қан қысымы аурулары;
  • тыныс алу мүшелерінің аурулары (бронхтың өткізгіштігі бұзылып, қабынуы, бронх демікпесі);
  • жатырдың қатерсіз ісігі.

Төменгі жиілікті магнитті терапия

Емдеу АELF-984, ықшам АМТ-02 магнитті терапия аппараттарымен жүргізіледі.

Көрсеткіштері:

  • бас миының ішкі зақымдалу салдары, әртүрлі себептен жүйке жасушаларының жойылуы, миға қан келмеу;
  • ойық жаралар, көк тамырдың қабынуы, көк тамырдағы түйіндер ;
  • шеткі жүйкенің бұзылысы;
  • қант диабетінен аяқ-қолдың жансыздануы және қан тамырларының зақымдалуы.

Лазерлі терапия кабинеті

«Мустанг 2000», BTL-5000Combi-1 (магнитпен-лазермен емдеу) құрылғыларымен жабдықталған.

Көрсеткіштері:

  • терінің зақымдалуы және аурулары (ойық жаралар, күйіктер, қышыма тері аурулары және басқа);
  • тірек-қимыл аппаратының зақымдалуы және аурулары (созылмалы, аяқ-қолдың ұсақ буындарының қабынуы, буынның тән емес аурулары, шынтақ буынының қабынуы, сүйек сынықтары);
  • жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары (жүрекке қан келмеу, жоғары қан қысымы);
  • тыныс алу жүйесі аурулары (бронх қабынуы, өкпе қабынуы, бронх демікпесі);
  • шеткі жүйке жүйесінің арулары (белгілі бір жердегі жүйке бағанының ауыруы, жүйке қабынуы, омыртқа жіктерінің орнынан жылжып кетуі).

Жарықпен емдеу кабинеті

Кабинетте ЛСН -1 үстел соллюксі, УГН-1, УГН-01 М, ОРК 02М сәулелендіргіштері бар.

Көзге көрінетін сәулелендіру

Көрсеткіштері:

  • баяу жазылатын жарақаттар мен жаралар, соның ішінде ойық жара және жүйкенің тозуы.

Ультракүлгін сәулелендіру

Көрсеткіштері:

  • ағзаның әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын жоғарылату;
  • ағзаны шынықтыру;
  • терінің кең таралған іріңді ауруларын емдеу;

балалардың мешел ауруының алдын алу және емдеу;

  • қан түзілуін ынталандыру;
  • ультракүлгін жетіспеушіліктің орнын толтыру.

Жергілікті ультракүлгін сәулелендіру

Көрсеткіштері:

  • пайда болу себебі әртүрлі буын қабынуы;
  • кеңірдек, бронхтың қабынуы;
  • іріңді жарақаттар, жаралар, тілме-терінің қызарып ісетін аурулары;
  • Құлақ, мұрын, тамақ аурулары (мұрын кілегей қабығының, мұрын қуысының қабынуы);
  • Қабыршақты теміреткі, терінің созылмалы бөртпесі, терінің іріңді қабынуы.

Электрмен емдеу кабинеті

Ультражоғары жиілікті терапия

УВЧ-80-04 «СТРЕЛА» құрылғысымен жүргізіледі.

Көрсеткіштері:

  • ағзаның әртүрлі аумағындағы  қабыну, жедел іріңдеу;
  • әртүрлі ішкі мүшелердің жедел және жеделдеу қабынуы;
  • тірек-қимыл жүйесінің зақымдануы және аурулары.

Қысқа толқынды терапия

BTL-6000 Combi құрылғысы – қысқа толқынмен (дециметрлік) емдеудің бір түрі.

Көрсеткіштері:

  • ішкі мүшелердің жеделдеу және созылмалы қабыну аурулары;
  • тірек-қимыл жүйесінің аурулары.

Төменгі жиілікті электрлі терапия

ЕТ-10. ЕТ-20, Радиус-01 ФТ, «Поток-1» құрылғыларымен жүргізіледі.

Көрсеткіштері:

  • шеткі жүйке жүйесінің зақымдалуы және аурулары салдары (жүйке өрімдерінің қабынуы, құяң, белгілі бір жердегі жүйке бағанының ауыруы);
  • орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы және аурулары (бас-ми зақымдары, ми және жұлын қан айналысының бұзылуы);
  • жүйке жүйесінің бұзылуынан ағзаның жағдайының жалпы нашарлауы, жүйкенің жұқаруы;
  • ас қорыту мүшелерінің аурулары;
  • жоғары және төменгі қан қысымы аурулары;
  • жүрек ұстамасы.

Ультрадыбыстық терапия

NT 10 құрылғысымен жүргізіледі

Көрсеткіштері:

  • сыздап ауыратын буынның қабыну және пішінін өзгертуі;
  • сүйек-бұлшық еттердің жарақаттары және зақымдалу салдары;
  • шеткі жүйке жүйесінің қабыну арулары;
  • тыныс алу, асқорыту, несеп-жыныс мүшелерінің аурулары;
  • отадан және екпеден кейінгі жергілікті көгерулер;
  •  Рейно ауруы – алақан саусақтарының жансыздануы;
  • Құлақ, мұрын, тамақ мүшелерінің аурулары.

Жергілікті дарсонвализация

«Искра -3» құрылғысымен жүргізіледі.

Көрсеткіштері:

  • Ауырсыну туғызатын  шеткі жүйке жүйесінің аурулары;
  • дыбыс қабылдау құрылғыларының әсерінен құлақтың естімей қалуы ;
  • жүйке жүйесінің бұзылуынан ағзаның жалпы нашарлау жағдайы;
  • бас сақинасы;
  • аяқ көктамырларының кеңеюі;
  • терінің ойық аурулары, созылмалы бөртпесі, жүйке-аллергиялық тері қабынуы.

Соқпалытолқынды терапия

enPuls version 2 құрылғысымен жүргізіледі.

Соқпалы толқын жұмсақ тіндердің, сіңірлердің жазылуын, қалпына келуін  жылдамдатады, ауырсынуды басады, тіндердегі қан айналысын жақсартады.

Көрсеткіштері:

  • өкше сүйелі;
  • буындардың пішінін өзгертуі ;
  • сіңір аурулары;
  • арқаның, буындардың ауырсынулары;
  • бұлшық ет ауырсынулары;
  • буын, сіңір, бұлшық еттерде тұз жиналу.

Сіз біздің кешенде сырқатыңызды, күйзеліс, шаршағаныңызды ұмытып, күш-қуатыңызды, жан-дүниеңіздің үйлесімділігін қалпына келтіресіз.

Қосымша ақпарат
Диагностикалық зерттеулердің көлемін, емдеу түрлерін, емшаралардың саны мен қабылдау жиілігін емдеу дәрігері аурудың диагнозына, ауырлық деңгейіне, сатысына және даму көлеміне, сондай-ақ қоса жүретін ауруларды есепке ала отырып тағайындайды.
Брондау Онлайн төлем Оператор