Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

ИНГАЛЯЦИЯЛЫҚ ТЕРАПИЯ

Ингаляция – емдік мақсатта биологиялық активті заттарды не дәрі-дәрмектерді дем арқылы ағзаға енгізу әдісі. Бұл суықты  және жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруларын емдеуге арналған тамаша құрал. Ингаляция емі тыныс алу жолдары ауруларында, суық тигенде және созылмалы өкпе қабынуы сынды ауруларды емдеу және алдын алу үшін қолданылады. Процедураның негізгі мақсаты – қақырықты сұйылту және оны өкпе мен бронхтан шығару. Ингаляция емдік шөптер немесе эфир майларын қосу арқылы да жасалады.

Ағзаға енгізілген дәрі-дәрмекке байланысты келесі емдік әсерлерге қол жеткізуге болады:

  • қабынуға қарсы;
  • антимикробтық;
  • қақырық түсіретін;
  • бронхолитикалық;
  • иммунитетті күшейтетін;
  • тыныштандыратын әсер.

Әсіресе, коронавирустық инфекциядан кейінгі оңалту бағдарламасында ингаляцияның маңызды және пайдасы зор. Ингаляция курсын басқа да оңалту процедураларымен бірге біздің шипажайда өтуге болады.

Қосымша сұрақтарыңыз болса, +7 (71636) 78-101, +7 702 059 20 20 телефоны арқылы қоя аласыз.

Брондау Онлайн төлем