Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

«Оқжетпестегі» гидротерапия (сумен емдеу)

Гидротерапия (сумен емдеу) – тұщы суды (су құбыры, өзен, көл, жаңбыр сулары) ванна, душ, шайыну, ысқылау, бүрку арқылы сыртқы пайдалану.Гидротерапия денеге сумен механикалық, температуралық және химиялық әсер етуге негізделген. Теріде орналасқан жүйкенің шеткі талшықтарын тітіркендіріп, жүйке импульсінің (қозуына) пайда болуына әкеледі.Жылу әсері денедегі зат алмасуды арттырады, метаболизмді жақсартады, қан айналымын белсендіреді, ұйқы безінің, асқазанның сөл бөлуін күшейтеді. Жылы немесе ыстық су адам ағзасын тыныштандырады және ауырсынуды басады, бұлшықеттерді босаңсытады, без жүйесінің қызметін ынталандырады және ауруға қарсы тұрушылық қабілетін жоғарылатады.

Гидротерапия көрсеткіштері:

  • Денені шынықтыру, шаршағанды басу, ұйқыны қалыпқа келтіру;
  • Жүйке жүйесінің жеңіл бұзылыстары;
  • Ас қорыту жүйесі қызметінің бұзылуы;
  • Инсульт, инфарктан кейінгі оңалту;
  • Шеткі жүйке жүйесінің аурулары;
  • Бронх қабынуы, демікпе және өкпенің басқа созылмалы аурулары;
  • Жамбас мүшелерінің аурулары, жыныстық әлсіздік;
  • Жоғары қан қысымы ауруы.

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде түрлі себезгілер кеңінен қолданылады.

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде гидротерапия түрлері:

  • Шарко душы;
  • Су асты душ-массаж;
  • Желпуіш душ;
  • Айналмалы душ.

Шарко душы – ең танымал әдістердің бірі. Ол оны ойлап тапқан Жана Шарконың тегі бойынша аталады. Жана Шарко 1868 жылы көптеген ұмытшақтық, жұлын жарақаттарын емдеу мәселесін шешуге, сонымен қатар есіріктің психогендік көздерін түсіндіруге тырысты. Оның зерттеулер ауқымына сүйене отырып, су терапиясын тірек-қимыл аппаратының аурулары мен функционалдық жүйке бұзылуларын емдеуде қолдануға болады.

Су асты массаж – бұл емшара бойынша емделушінің денесі ваннаға суға толықтай батырылады, содан кейін әртүрлі қондырғылары бар арнайы душтың көмегімен су астындағы массаж жасалады. Бұл үйлесім осы емшараның терапиялық қасиеттерін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Желпуіш душ – бұл Шарконың бір түрі. Желпуіш душтың айырықша ерекшелігі – бұл кезде су ағыны адам денесіне баяу себезгілеп, Шарко душымен салыстырғанда жұмсақ әсер етеді.

Айналмалы душ – емдік және алдын алу алу емшарасы. Су ағындары теріге ғана емес, сонымен қатар тері асты талшықтарына және бұлшықет тіндеріне де әсер етеді. Сонымен қатар олар белгілі бір ішкі органдарға да әсер етеді. Осындай терең әсердің арқасында ағзаның қуаты артады. Айналмалы душ теріні тегістейді, қалпына келтіру үрдістерін белсендіреді.

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешеніндегі гидротерапия – денсаулық мәселесін шешудің сапалы, дәл және тиімді тәсілі.

Толық ақпаратты +7 (71636)78 – 101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.

Брондау Онлайн төлем Оператор