Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ!

Құрметті сайт қонақтары!

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер   күнімен  шын   жүректен құттықтайды!

1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн біздің еліміздің тарихында жаңа Мемлекеттік  рәміздердің туған күні ретінде мәңгі қалады.

Мемлекеттік рәміздер біздің мемлекетіміздің, егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі болып табылады. Олар Отан Тәуелсіздігінің қасиетті біріктіруші бейнесін білдіреді.

Алтын түсті күн мен қанатын жайған қыран құспен  көгілдір ту  және барлық қазақстандырқар үшін бірлік пен ынтымақ символы ретіндегі шаңырақ бейнесімен  Елтаңбада және  өмір сүру мақсаттары мен принциптерін білдіретін гимн   әлемге  Қазақстан Республикасы атты жаңа тәуелсіз мемлекеттінің образын танытты.

Бүгінде біз қазақстандық мемлекеттілікті қалпына келтіру жөніндегі тарихи миссия табысты  орындалғанын  сеніммен айта аламыз.

Ел рәміздеріне  құрмет әр азаматтың азаматтық парызы болып табылады.

Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының  өркендеуі  үшін  сіздерге бақыт, ашық аспан, табыс тілейміз!

Брондау Онлайн төлем