Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Таңертең біз Instagram-да сауалнама жүргіздік, онда респонденттердің 35% – ы біздің шипажайдағы тамақтану тақырыбына қызығушылық танытты.
Олай болса, бүгін шипажайдағы тамақтану рәсімі туралы сөз қозғайық.
Тамақтану – емдеу процесінің маңызды бөліктерінің бірі. Сондықтан, қонақтарымызға тамақ дайындау барысында оның құрамы мен сапасына біз ерекше назар аударамыз.
Біздің кешеннің мейрамханасында өз ісінің нағыз мамандары жұмыс істейді. Мәселен, суреттегі Қымбат ханым біздің бас аспазымыз. Біздің кешенде 13 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істейді.
Жыл сайын біздің аспаздар біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Мысалы, тамыз айында біздің аспазшыларға Президенттің жеке аспазы шеберлік-сағатын өткізді.
Күн сайын тамақ берілгенге дейін барлық тағамды дәрігерлеріміз алдын ала тексереді, өлшейді. Әр қонағымыз тағам түрін өзі алдын ала таңдай алады.
Тамақтану төрт реттік және ол жолдама құнына кіреді.

Брондау Онлайн төлем Оператор